Дүйсенбі, 06 мамыр, 16:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Тау-шаңғы курортындағы арқанжол үзіліп, жеті адам зардап шекті

10.01.2024

342 0

Тау-шаңғы курортындағы арқанжол үзіліп, жеті адам зардап шекті
Фото: inbusiness.kz

Тау-шаңғы курортында арқанжол кабинасы үзіліп кетті. Оқиға Аустрияның Тироль аумағында болған. Бұл туралы  Kazinform хабарлайды. 

Оқыс оқиғадан жеті адам зардап шекті. Төрт адам ауыр жарақат алды, біреуінің жағдайы нашар.

Апатты жағдай Эц елдімекеніне жақын маңдағы Ахеркогельбан арқанжолында болған. Мамандар арқанға ағаш құлап, салдарынан кабина үзіліп кеткен деп болжам жасады. 

Әзірге арқанжол уақытша істен шығарылды. Қазіргі уақытта оқиғаның неден болғаны, ағаштың қалай құлап кеткені анықталып жатыр. 

Айта кетейік, Ахеркогельбан арқанжолында 60-қа жуық кабина бар. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: