Сенбі, 27 шiлде, 08:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59-2069
27.07.2024
PDF мұрағаты

Теміртауда салмағы бес жарым келі нәресте өмірге келді

27.02.2023

620 0

Теміртауда толағай туды. Шақалақтың салмағы 5 келі 55 грамм, ал бойы 57 сантиметр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұл Баян Жұрманбетованың төртінші баласы. Үлкені 10 жаста. Отбасындағы ірі туғаны осы екен. Келіншек оны нағашыларына тартқан деп отыр. Баян перзентханаға босанар күні ғана келген. Баланың салмағының үлкендігін босанғн соң көріп, өзі де таңырқапты. Жүкті кездегі ауыр қимылының себебі де осы болған-ау деп топшылайды.

Қазір ана мен бала дәрігерлердің бақылауында. Денсаулы жақсы. Перзентхана қызметкерлерінің айтуынша, өткен жылы өңірде төрт келіден асатын 54, ал бес келіден асатын 10 нәресте жарық дүние есігін ашқан. Биыл ауыр салмақта туған алғашқы батырдың есімін атасы Руслан деп қойыпты.

“Жүкті кезеңім ауыр болды. Бірақ келгеннен кейін босануым оңай болды. Толғағым қатты болды, көп уақыт толғатып жүрдім. Алланың қалауымен, дәрігерлердің көмегімен. Ең бірінші жедел жәрдеммен келгенде тез қабылдап, бірден жоғары залға көтеріп, сонда қайта-қайта қарап, сосын босандырып алды. Көп рахмет!” – дейді Теміртау тұрғыны Баян Жұрмағанбетова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: