Сенбі, 20 сәуiр, 20:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

62 000 ТОННА ҚАЛДЫҚ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ

19.02.2021

7641 0

Аймақта өткен жылы 62 000 тонна қалдық залалсыздандырылды. Оның ішінде, 41 000 тонна өндірістік, 21 000 тонна тұрмыстық қатты қалдық. Қазіргі таңда , геологиялық барлау және құрылыс нысандарының артуынан өндірістік қалдықтың көлемі көбеюде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұржан Өмірсерікұлы.

Облыста 145 полигонға жер учаскесі белгіленген. Оның 7-і ғана экологиялық талапқа сай.

– Өткен жылы 96 экологиялық заңнама талаптарын бұзу фактісі анықталып, кемшіліктерді жою үшін тиісті жұмыстар жасалды. Мұнан өзге, 35 әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс қозғалып айыппұл салынды. Сонымен қатар, облыста қалдықтарды сұрыптайтын 3 кәсіпорын бар. Атап айтқанда, Белкөл кентінде орналасқан «Ибрайхан и К ЛТД» ЖШС-нің полигонындағы жинақталған шыны, автошина, пластик, мата, құрылыс тамақ қалдықтары сұрыпталуда. «Smart Rubber» ЖШС автокөліктердің жарамсыз шиналарын қайта өндеп, тамшылатып суаруға арналған түтіктерін өндіруде. «Эко-Н Сервис» ЖШС істен шыққан жарамсыз құрамында сынабы бар шамдарды залалсыздандыруда. Бұған қоса, 136 заңсыз қалдық орны анықталып, оның 131 жойылды,-деді Нұржан Өмірсерікұлы.

Айта кетейік, 2020 жылдан бастап тамақ және құрылыс материалдары қалдықтарын полигондарға көмуге тыйым салынған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: