Бейсенбі, 02 мамыр, 15:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Аймақта 38 әлеуметтік нысан салынуда

13.09.2023

786 0

Жыл басынан бері 8 айда әлеумeттік нысандар құрылысына мемлекеттік бюджеттен 23,7 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаражатқа 37 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде.

Олар – 10 білім беру, 20 денсаулық сақтау, 3 мәдениет, 3 спорт және 1 мемлекеттік орган ғимараты.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 10 мектеп салуға республикалық бюджеттен 19,6 млрд. теңге бөлініп, құрылыс басталды.Облыстық құрылыс басқармасы 12 нысанның жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеп, сараптаманың оң қорытындысын алды. Жобалардың жалпы құны 35,585 млрд теңге. Атап айтсақ, 8 білім беру нысанының (7 мектеп, 1 Оқушылар сарайы) құны 6,662 млрд теңге, 2 спорт нысаны 27,979 млрд теңгеге, көпфункционалды кешеннің сыртқы инженерлік желілері 110,661 млн.теңгеге салынады. Сол жағалауда жолаушыларға жайлы жаңа автовокзал бой көтереді. Тағы да 31 нысанның , яғни 15 білім беру, 14 денсаулық сақтау, 2 мәдениет нысанының құжаттамалары әзірленуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: