Сенбі, 27 шiлде, 04:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59-2069
27.07.2024
PDF мұрағаты

Білемісің, Сыздықов?

19.11.2022

722 0

Отырып ап жайлана,

Айтайын мен жәй ғана.

Тасбөгетте күн жауса,

Көше кетер лайлана.

Білемісің, Сыздықов?

Асфальт біткен, оу-құрғыр,

Боп кеткен бе бор кетік?

Көше біткен ой-шұңқыр,

Ойдым-ойдым ор тесік.

Білемісің, Сыздықов?

Көп көшеге жаңадан,

Бағаналар орнатты.

Қуанып-еді бар халық,

Жалғанбай үйге ол қапты.

Білемісің, Сыздықов?

Емхана тұр жүдеу боп,

Жағдайы жоқ оның да.

Жаңасы қашан салынар…

Жобасы бар ма қолыңда?

Айтшы, әкім – Сыздықов!

Әр ісіңді жоспарлы,

Кеңестің бе халықпен?

Үміт артар жастарды,

Жұмыспенен қамтып па-ең?

Айтшы, әкім – Сыздықов!

Тасбөгеттің төрінде,

Қанша кәсіп ашылды?

Мына айтқанның бәріне,

Қатырдың ба басыңды?

Айтшы, әкім – Сыздықов!

Қыс та қалды жақындап,

Көңіл де шіркін, жаз емес.

Баяу да болса ақырындап,

Атқарған ісің аз емес.

Бітпеген жұмыс көбірек,

Соған көңіл мәз емес.

Әзиз БАТЫРБЕКОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: