Сенбі, 23 қараша, 09:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімдігінде мәжіліс өтті

14.04.2021

3005 0

Бүгін қала әкімдігінде шаһар басшысы Ғанибек Қазантаев қаладағы коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын күшейту, карантиндік шектеу шараларын пысықтау мақсатында мәжіліс өткізді.

Қала әкімдігінде мәжіліс өтті

Мәжілісте алдымен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Ұзақбаев індеттің алдын алу шаралары туралы атқарылып жатқан жұмыстар жайына тоқталды.

Басқарма басшысының баяндауынша Қызылорда облысы сары аймаққа енгенімен қалада санитарлық талаптар мен карантиндік шектеулерді ескермейтіндер қатары азаймаған. Мәселен жыл басынан бері басқармаға 110 карантиндік тәртіп бұзушының құжаттары келіп түскен. Айыппұл арқалағандар арасында отбасылық той, мерекелік басқосу өткізген азаматтар мен қоғамдық тамақтану орындары және сауда нүктелерінің басшылары да бар.

Күн тәртібіндегі мәселеге қосымша медицина ұйымдары және денсаулық сақтау саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанкелді Шаймбетовтың айтуынша індет күшейген жағдайда, инфекциялық және провизорлық стационарларда 1635-ге дейін төсек-орын дайын. Бүгінде медициналық ұйымдарда 272 оттегі концентраторы және 119 ИВЛ аппараты мен 575 оттегі баллоны, 4 КТ және 25 рентген аппараты бар. Сондай-ақ, 1 оттегі шығару станциясы жұмыс істеп тұр. 200 орындық модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы да аяқталып, мамыр айында іске қосылмақ. Медициналық мекемелер мен дәріханаларда қорғаныш киімдері мен дәрі-дәрмектердің тапшылығы жоқ. 2 айға жетерлік дәрі-дәрмек қоры жасақталған.

Мәжілісте қала көлемінде карантиндік шектеулер ережелерін сақтау, жолын кесу және алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлаған қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Бекманов бекітілген мобильдік топтармен іс-шара барысында 1 500-ге жуық объектілер араланғандығын жеткізді.

Баяндамаларды тыңдаған қала әкімі жауаптыларға жұмыс тиімділігін одан әрі арттырып, инфекцияның алдын алу бағытында тұрақты түрде түсіндіру жүргізіп, меншік нысанына қарамастан қалада орналасқан барлық ғимараттарды санитариялық талаптарға сәйкестендіру бағытындағы жұмыстарды ширатуды тапсырды. Сонымен қатар берілген тапсырмалардың сапалы және мерзімінде орындалуы мен ұйымдастырылуын қала әкімінің орынбасарларына жүктеді.

 «Індеттен айығудың алғышарты  санитарлық талаптарды ескеру мен  инфекцияға қарсы екпе салдыру екені әлдеқашан айқындалды. Әйтседе тұрғындардың бейқамдық танытуы ұжымдық иммунитет қалыптастыру үдерісін баяулатып отыр» – деген,  қала әкімі Ғанибек Қонысбекұлы вакциналау жұмыстарын да жүйелі жүргізу керектігін ескертті.

Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: