Сәрсенбі, 24 маусым, 05:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47 (2259)
23.06.2026
PDF мұрағаты

Есірткісіз өмір – жарқын болашақ кепілі

01.06.2026

235 0

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Есірткісіз өмір ғажайып!» атты сурет байқауын ұйымдастырды.

Танымдық әрі тәрбиелік мәні зор шараның басты мақсаты – жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткінің зияны туралы түсінікті қалыптастыру және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Байқауға «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілері мен «Жастардың спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясы» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері қатысты. Қатысушылар өз туындыларында бақытты балалық шақты, денсаулықты, достықты, спортты және жарқын болашақты бейнелеп, есірткіге қарсы көзқарастарын шығармашылық тұрғыда жеткізді.

Балалардың әрбір суреті өзіндік ерекшелігімен, мазмұн тереңдігімен және бояу үйлесімімен көзге түсті. Сондықтан қазылар алқасына үздіктерді анықтау оңайға соққан жоқ. Ұйымдастырушылар барлық қатысушылардың белсенділігі мен талпынысын жоғары бағалап, олардың еңбегін ерекше атап өтті.

Шара барысында балаларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндіріліп, зиянды әдеттерден аулақ болып, дұрыс таңдау жасаудың мәні айтылды. Ұйымдастырушылар жас буынның дені сау, білімді әрі бақытты болып өсуіне тілектестік білдірді.

Балалардың шат күлкісі мен асқақ армандары – қоғамның ең қымбат қазынасы. Осындай игі бастамалар өскелең ұрпақтың саналы, белсенді әрі жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуына оң ықпал етеді.

А.АЙТЖАНОВА

Есірткісіз өмір – жарқын болашақ кепілі
Есірткісіз өмір – жарқын болашақ кепілі
Есірткісіз өмір – жарқын болашақ кепілі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: