Дүйсенбі, 07 қазан, 07:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі тәртіп сақшыларымен кездесті

29.12.2020

3997 0

Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесіп, жыл түгесілер тұста жүріп өткен бір жылды қорытындылап, өткен жылы атқарылған жұмыстарды таразылап, алдағы жоспарларды пысықтады.

Кездесуде дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан еліміздің оның ішінде қаламыздың құқық қорғау саласындағы салмақты жобалар мен жарқын жетістіктерге тоқталып, саланы дамытуға бағытталған байыпты бастамаларды сөз етті. Сондай-ақ, қала әкімі қазір полицияның қызметтік функцияларын ойдағыдай атқару үшін құқық қорғау саласының қызметкерлеріне ел басшылығы тарапынан ерекше қолдау көрсетіліп жатқандығын  айтты.

 Сонымен қатар шаһар басшысы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп,  ел тыныштығын сақтай отырып, қиындығы мен жауапкершілігі мол салада абыройлы қызмет ете беретіндеріне сенім білдірді.

Кездесу соңында қала әкімі қоғамдағы тәртіпті қадағалап, салада табанды еңбек етіп жүрген бірқатар сала қызметкерлерін марапаттап, алдағы қызметтеріне табыс тіледі.

Құқық қорғау саласында 11 жылдан бері қызмет ететін                     Айнұр Усманова марапат биігінен көрінгендердің бірі. ҚПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторы «Бұл марапат менің ғана емес осы салаға еңбегін арнаған әрбір әріптесімнің қызметіне алғыс деп білемін. Марапат бізге білдірген сенім мен артылған жауапкершілік жүгін  одан әрі ауырлата түспек. Сондықтан қырағылықты кемітпей, қызметімізді адал атқаруға бар     күш-жігерімізді бағыттаймыз» – деді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: