Бейсенбі, 28 наурыз, 22:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қалалық мәслихаты кезекті сессиясын өткізді

02.05.2023

604 0

28 сәуір күні қалалық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясы өтті. Сессия отырысына мәслихат төрағасы И.Құттықожаев, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына бюджеттік комиссия мүшесі М.Әбдіқалықов төрағалық етті.

Сессияның күн тәртібіне «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №198-28/2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жергілікті ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы», «Қызылорда қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы», «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы мәселелер шығарылып талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты қала әкімі аппаратының басшысы Ж.Абатов, қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймаханова, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары С.Сейдахметов хабарлама жасады.

– Қалалық мәслихат депутаттары тарапынан жазғы маусымда қауіпсіз жағажайлар мәселесі;
– Қала аумағындағы аяқ су мәселесі, былтырғы жылы жүргізілген аяқ су ұңғымаларын тиімді пайдалану, арық жүйелеріне тазалық жұмыстарын жүргізу, көшет отырғызу жұмыстарының өсіп-өнуін бақылап, сараптама жасау;
– Ауыз судың сапасы, көпқабатты тұрғын үйлердің жоғары қабаттарына ауыз суды толыққанды жеткізу;
– Қала аумағындағы өздігінен тартылған электр жүйелерін талапқа сәйкестендіру және қуаттылығын арттыру мақсатында қосымша трансформаторлар орнату;
– Қала бойынша автокөлік жүргізушілерінің көліктерін өздері жуатын жуу орындарының тұрғын үйлердің ауыз су қысымына әсерін зерттеп, шешім қабылдау және басқа да өзекті мәселелер туралы ұсыныстар берді.

Сессияға қала әкімінің орынбасарлары Ж.Сейілов, Ғ.Еркебай, Д.Ермеков, қалалық дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары, кент және ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: