Сенбі, 27 қараша, 13:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 (1795)
23.11.2021
PDF мұрағаты

Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақшасы ашылды

18.01.2021

7601 0

Бүгін қалаға қарасты Ақсуат ауылдық округі Ж.Махамбетов ауылында 120 орындық «Асыл-ай» бөбекжай-бақшасы пайдалануға берілді.

          Ауыл тұрғындарын балабақшаның ашылуымен құттықтаған қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов:

           – Қызылорда қаласы бойынша бүгінгі күні жалпы саны                       235 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Оның ішінде мемлекеттік балабақша саны – 28, мектеп жанынан ашылған шағын орталық – 5, жеке балабақша саны – 202. Ақсуат ауылдық округінде 7 балабақша, оның 5 жеке, 2 мемлекеттік. Бұрынғы балабақша 1983-1994 жылдар аралығында балабақша болып, кейін 1997 жылы Ж.Маханбетов ауылдық әкімшілігі теңгеріміне берілді. 2013 жылдан бастап  ғимарат пайдаланылмай бос тұрған. 2019 жылы  балабақшаның  күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен  66 млн 653 мың теңге  қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес, жеңімпаз мердігер мекеме күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Енді ауылдықтар үшін барлық жағдайы жасалған жаңа бөбекжай-бақшасы жұмысын бастады. Мемлекет басшысының жолдауында білімді ұрпақ болашағының жарқын болуында негізгі орын алатын балабақшалар мен мектептерде білім мен тәрбие берудің маңыздылығын айтып өткен болатын. Мұндай қамқорлықты әрбір Жолдауынан айқын аңғарамыз, – деп жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.

          Айта кетейік, өткен жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Ақсуаттағы №143 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа оқу жылында №143 мектеп пен №268 мектеп-лицейі балансынан тұрмысы төмен және көп балалы отбасынан шыққан 99 бала компьютер, планшет және 131 бала ноутбукпен қамтылса, «Мектепке жол» акциясы аясында 21 планшет,  1 смартфон, 29 оқу құралдары табысталды.

Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алушы тұрмысы төмен, көп балалы  отбасынан 118 оқушы мектеп формасымен, аяқ киім, спорт киімдерімен және оқу құралдарымен қамтылды. Қазіргі таңда, бекітілген шектеулерге байланысты екі мектепте 48 кезекшілік топ жұмыс жасап,  771 бала білім алуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: