Жұма, 27 желтоқсан, 10:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Шабақтарды құтқару» акциясы

20.08.2021

1092 0

Балық шаруашылығы дүние жүзінде халықты азық-түліктің құнды, бағалы балық өнімдерімен қамтамасыз ететін, халық шаруашылығының белгілі бір басты маңызды саласы болып табылады.

Сондықтан да, дүние жүзінің барлық елдерінде балық шаруашылығы өндірісі ғылыми жолға қойылған. Қазіргі таңда, Елбасының Қазақстан халқына 50 елдің қатарына ену саясатына байланысты, жаппай өндірістің жандана бастаған кезінде, халықты бірден-бір азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, балық өнімдерін басқа елдерге көрсете алатындай дәрежеге жеткізуге Қызылорда облысында негіз бар.

Қызылорда облысы аумағынан ағып жатқан Сырдария өзенінен суармалы егістікке су алатын 19 ірі каналдар бар, бұл каналдар басы Басықара каналы 1928 жылы, басқалары 1953, 1966, 1976 жылдары, соңы Сунақата каналы 1984 жылы пайдалануға берілген. Осы каналдарды қазу, іске қосу кезінде жобалық сметалық құжаттарында балықтарды қорғау құрылғылары (рыбозащитное устройство) қаралмаған.

Қызылорда облысы аумағында жыл сайын шамамен 200 мыңдаған гектар егістік алқаптарында (оның ішінде: күріш, дәнді-дақыл, шөп, жеміс-жидек және т.б.) егін егіледі. Қызылорда облысы аумағынан ағып жатқан Сырдария өзені суының көп бөлігі осы егістік алқаптары мен ирригациялық (суландыру) жүйелерге жіберіледі. Соның салдарынан, жылда миллиондаған балық шабақтары осы егістік алқаптары мен су жүйелеріне осы каналдар арқылы өтіп өсіп-өнеді, жаз аяғына каналдарды жабу барысында балық шабақтары бөлектенген суларда қалып, қырылу қауіпі фактілері туындауы ықтимал.

Оның алдын алу мақсатында, Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қадағалауымен акция ұйымдастырылып, балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жануарлар дүниесін пайдаланушыларының өздеріне жүктелген міндеттемелеріне сәйкес, егістік алқаптарынан, ирригациялық жүйлерінен және бөлектенген су айдындарынан және (немесе) учаскелерінен қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарын жүргізіп, болмаса балық өсіретін питомниктерден балық шабақтарын сатып алып, балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарын және (немесе) учаскелерін балықтандырулары қажет.

Сонымен қатар, Қызылорда облысы әкімдігімен Қызылорда облысы көлеміндегі күріштік алқаптардағы балық шабақтарын құтқару жұмыстарының іс-шаралар жоспары бекітіліп, ағымдағы жылдың тамыз айының аяғынан бастап балықтандыру науқаны басталып, қараша айы аралығында өз жалғасын табады. Статистика бойынша су айдындарына жіберілген балық шабақтарының 70-80 пайызы әрі қарай өсіп жетіледі екен. Мұндай игі шара биыл да жалғасын тауып, сусыз тіршілік ете алмайтын балық шабақтары Қызылорда облысы көлеміндегі су айдындарына және (немесе) учаскелеріне жіберіліп, балық қорын молайту мүмкіндігі артты.

Тағы айта кететіні, «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау және өсімін молайту» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Қамыстыбас балық питомнигі» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында, жыл сайын 14,8млн. осы жаздық, 0,42млн. екі жаздық тұқы, дөңмаңдай, ақ амур балық шабақтарын тоғандарда өсіреді.

«Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Арал филиалы тоғандарда өсірілген балық шабақтарын балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарына және (немесе) учаскелеріне жіберу орнын айқындайды.

«Қамыстыбас балық питомнигі» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарына және (немесе) учаскелеріне жіберілетін өсірілген балық шабақтары өнімінің есебін алып, ағымдағы жылдың қыркүйек айының аяғынан бастап қазан айы аралығында өсірілген бір және екі жаздық балық шабақтары айқындалған орындарына, яғни Арал ауданында орналасқан Қамбаш көлі мен Кіші Арал теңізіне жіберу науқаны басталады. Су айдындарына және (немесе) учаскелеріне жіберілетін барлық балық шабақтарының саны: бір жаздық – 14 млн. 800 мың дана және екі жаздық – 420 мың дана.

Балықтандыру жөнінде жүргізіліп жатқан іс-шаралар жайында жұртшылықты хабардар ету мақсатында облыстық пен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының және Қызылорда облысындағы телеарналарының өкілдері қатыстырылады.

Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарының бірі – ол балықтың қырылу қаупі бар және бөлшектенген су айдындарынан балықтар мен олардың шабақтарын қорғау, құтқару.

Су айдындарына балық жіберу – өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, құнды, бағалы, сирек кездесетін және құрып бара жатқан балықтардың түрлерін сақтау және тауарлық өнім алу мақсатында,

балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық өсіру материалдары мен балық ресурстарын және басқа да су жануарларын жіберу (балықтандыру).

Осыған орай, келешек ұрпаққа балық қорын сақтауға ел болып ат салысайық!

Ербол Рахимович Кушкинбаев

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік

балық шаруашылығы инспекциясының

Балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: