Сенбі, 20 сәуiр, 08:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Теміржолшылар өз таңдауын жасады

20.11.2022

400 0

Елдің ертеңі жолында өз дауыстарын беру үшін «Вагон сервис» қызметкерлері Белкөл кентіндегі №189 орта мектепте орналасқан №221 учаскесіне ұжыммен бірге келіп, өз таңдауларын жасады.

Естеріңізге салсақ, бүгін 20 қарашада Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Бұл сайлаудың бір ерекшелігі – жеңіске жеткен президент міндетін 7 жыл атқарады.

Биылғы президент сайлауына барлығы алты кандидат ұсынылды. Олардың қатарында қоғам қайраткері Қарақат Жақсылыққызы Әбден, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаев, «Ауыл» партиясы ұсынған кандидат Жигули Дайрабаев, «Аманат» Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі атынан Мейрам Зекешұлы Қажыкен, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Салтанат Тұрсынбекова мен Қасым-Жомарт Тоқаев бар.

Айта кетерлігі, Қызылорда қаласында барлығы 120 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлаушылар таңғы сағат 7.00-ден бастап, кешкі сағат 20.00-ге дейін өз таңдауларын жасай алады. Өз сайлау учаскеңізді «109 бірыңғай байланыс орталығына» хабарласу арқылы, Ұялы телефон арқылы «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасынан немесе saylau.orda.gov.kz сілтемесіне кіріп, «Өзіңді сайлаушылар тізімінде тексер» деген атаумен арнайы баннерден білуіңізге болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: