Жұма, 26 сәуiр, 14:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жайлы баспана, жаңа көпір

31.12.2020

5323 0

Жылжабар тұста аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова қаланың сол жағалауында тағы бір көпқабатты үйдің пәтер кілтін табыстады. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған баспана көптін қуанышын еселеді.                 

– Баршаңызды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әлемде орын алған пандемия тұрмыс-тіршілігімізге көптеген өзгеріс әкелді. Сындарлы сәтте аймағымызда құрылыс жұмыстары тоқтамай, қарқынды жүрді. Жыл басынан бері қаламызда 580 пәтерді құрайтын 15 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бүгінгі пәтер иелерін қуаныштарымен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа баспаналарыңыз татулық пен берекенің ордасы болып, қуаныш пен бақыт, құт пен ырыс салтанат құрсын! – деді облыс әкімі.

Сол жағалаудан пәтер кілтін алғаш алған тұрғынның бірі – Галина Омарова. Енді ол жаңа жылды жайлы, жаңа баспанада қарсы алмақ.

– Бұл – менің өмірімдегі ең қуанышты сәттің бірі. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы біздің елімізде жақсы жұмыс істеуде, бұл – жас отбасыларға үлкен көмек. Мен көршілеріммен де танысып үлгердім, олардың дені – жастар. Барлығы сол жағалаудан қолжетімді бағаға пәтер алғандарына қуанышты, – деді ол.

Жаңа 40 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы өткен жылы басталған. Жоба құны 961,4 млн теңгені құрайды. Мердігер мекемелер – «Аман-Құрылыс» және «Сәт-Сервис» ЖШС.

Айта кетейік, биыл облыста барлық қаржы­ландыру көздерінен 1946 пәтерді құрайтын 98 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда Қызылорда қаласында 1741 пәтерлік 38 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргі­зілуде. Келер жылы Сырдария өзенінің сол жаға­лауында құрылысы жүргізіліп жатқан тағы 725 пәтерлік 15 көпқабатты тұрғын үйдің кілті табысталады деп жоспарлануда. 2021 жылы СПМК-70 тұрғын ауданы бойынша 13 көп­қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек.

Одан соң аймақ басшысы Шіркейлі кана­лының үстінен салынған көпірдің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Жаңа автомобиль көпірінің ұзындығы – 81, ені – 3,75 метр.

– Мереке қарсаңында Сырдария өзенінің сол жағалауын Шіркейлі арнасы арқылы халықаралық автодәлізбен қосатын автомобиль көпірі пайдалануға берілді. Сәні мен салтанаты жарасқан сол жағалаудағы бұл көпір облыс тұрғындарының алтын уақытын үнемдеп, ба­рынша қуантатын маңызды нысан болатыны сөзсіз. Бұл көпірді пайдалануға беру арқылы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын оң тенденцияға арттыратын боламыз, – деді облыс әкімі.

Көпір «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдар­ламасы аясында салынған. Құрылыс жұмыстарын бас мердігер «Сервис НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі екі жыл ішінде аяқтап шыққан.

Сонымен қатар жиында биыл жүзеге аса бастаған «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жолдың «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолымен жанасатын тұсында көлік айрығын салу» жобасы да таныстырылды.

Суретті түсірген Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: