Сенбі, 27 сәуiр, 10:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жедел басқару орталығының «102» арнасы үздіксіз жұмыс істейді

22.11.2022

777 0

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқарып келеді. Орталық қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті, қала тыныштығын сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады.

Міне, осы «Жедел басқару орталығына» қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше бір аптада 102 нөміріне барлығы 985 хабарлама келіп түскен. Ал Жедел басқару орталығының көмегімен 573 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР Әкімшіклік құқықбұзушылық туралы кодексінің 593-бабымен, яғни жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау бойынша 159 жүргізуші, 591-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады) 52 жүргізуші, 596-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу бойынша –7 , 600-бабының 1-бөлігімен, яғни жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау бойынша 57 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтҚ-нің 440-бабына сәйкес алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде жүргені бойынша 11 хаттама рәсімделген. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы, яғни ортақ пайдаланатын қоғамдық орынды ластау бойынша 20 құқық бұзушылық анықталып, шара көрілді.

Сонымен қатар, Жедел басқару орталығының бейнекамераларының көмегімен 188-бабтың 3 бөлігімен ұрлық қылмысының  беті ашылды

– Біздің орталық өз жұмысын ешқашан кідірткен емес. Сондықтан сеніммен айта аламын, Қызылорда қаласы тұрғындарының тыныш ұйқысы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өз жұмысымызды одан әрі де жалғастыра береміз, – дейді Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бастығы Берікбол Еримбетов.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: