Жұма, 19 сәуiр, 17:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Жылу беруге дайындық

05.10.2021

738 0

Қала әкімінің орынбасары Елмұрат Рахматуллаев және бірқатар сала басшылары көпқабатты тұрғын үйлердің өжірелерін аралады. Ондағы мақсат – тұрғын үйлердің жылу маусымына дайындығын пысықтау.

Сала басшылары алдымен Абай даңғылы бойындағы 32-ші және Бейбітшілік көшесіндегі 26-шы үйдің ауласында тұрғындармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Тұрғын үй қатынастары туралы заңға сәйкес пәтерлердің ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуге, күтіп ұстауға меншік иелері міндетті. Осы орайда өжіреге қажетті қандай да бір инженерлік жүйелерді ауыстыруға (шығыстарға, жұмсалатын қаржыға) тұрғын үй иелері мен ПИК тең қатысу қажеттілігі айтылды.

Бұдан кейін Шұғыла мөлтек ауданы 24А үйі мен Жетікөл көшесіндегі 26-шы көпқабатты тұрғын үйінің жылуға дайындығы тексерілді.

Қала әкімінің орынбасары Елмұрат Нұрмаханбетұлы аралау барысында қоқыс пен су жинақталған өжірелер мен ысырмасыз құбырларды тезірек қалыпқа келтіруді тапсырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: