Бейсенбі, 02 мамыр, 03:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

17 тамызға арналған жұлдыз жорамал

17.08.2023

509 0

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Бүгін достарыңызға сіздің сыныңыздан гөрі қолдауыңыз қажет болар. Хабарласып, жылы сөз айтып көріңіз. Егер сіз ұзақ уақыт бойы басқа жерге көшуді ойлап жүрген болсаңыз – сіз дұрыс жолдасыз, бұл дұрыс шешім болады.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Жаман әдеттерден бас тартатын кез келді. Өзіңізге психологиялық жеңілдік жасаңыз. Адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болыңыз, кешке демалуға тырысыңыз. Денсаулықтың күйіне назар аударып, шөптен жасалған шай ішіңіз. Уақытылы жатып, уақытылы тұрыңыз. Су жағасында демалу да жаныңызға тыныштық сыйлайды.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Жалғызбастыларға бүгін танысу қосымшаларын жүктеп алуға кеңес береміз. Өз құндылықтарыңыз бен сүйікті ісіңізді көрсетіңіз. Жақын адамдарыңызбен арақатынасыңыздағы проблемаларды шешуде барынша сабырлы болыңыз. Ренжітіп, көңіліне тиетін сөздер айтуыңыз мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін сіз бүкіл отбасы мүшелеріне сай келетін жаңа хоббимен айналысу туралы идеяны бөлісесіз. Бірақ өзіңіз жасамайтын дүниені талап етуден сақтаныңыз. Эмоционалды жеңілдеу үшін жақсы күн: кейінге қалдырып жүрген драманы тамашалап, біраз серпіліңіз. Сенгісіз жеңілдік сезінесіз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Бұл күн сәттілік пен қуанышты көңіл-күй әкеледі. Көп нәрсенің реті түседі, бірақ ол үшін жаңа тәсілдер мен әдістерді қолдануға тура келеді. Бүкіл отбасымен демалысқа баратын уақыт келді. Демалыс күндері кинотеатрға баруды жоспарлаңыз, жақындарыңызбен экскурсияға барыңыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Өзіңізбен пікірлес адамдарды тауып, олармен біріге аласыз. Жұмысыңызда елеулі нәтижелерге қол жеткізесіз. Жақсы танымайтын адамдармен абай болыңыз. Жақындарыңыздың қауіпсіздігіне назар аударыңыз, олардың телефондарына «қауіп батырмасын» орнатыңыз. Бұл сіздің де олар үшін алаңдамауыңыз үшін қажет.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Үйіңіздегі ескі шамдарды заманауи, энергияны үнемдейтін шамдармен ауыстырыңыз: бұл сіздің бюджетіңіз үшін шағын, бірақ пайдалы инвестиция болмақ. Бүгін жұмыстарға көңіл бөлу қиын болады. Әңгімелерге, жағымсыз ойларға және айналаға алаңдайсыз. Қазіргі уақытқа зейін қойыңыз, өткеннің көңіл-күйіңіз бен өнімділігіңізге кедергі келтіруіне жол бермеңіз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Отбасыңызбен уақыт өткізіңіз, балаңызбен бірге үй тапсырмасын орындаңыз, қызықты іспен айналысыңыз, сөйлесіңіз. Қызғанышқа бой алдырып, арақатынасыңызды бұзып алуға жол бермеңіз, сүйіктіңізге сенуді үйреніңіз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Табанды және шыдамды болыңыз. Бұл аз күш қажет ететін жағдайларға да қатысты. Ескі проблемалар қайтадан алдыңыздан шығады. «Күніне міндетті түрде жасалуға тиіс 10 000 қадам» туралы ұмытыңыз. Тіпті күнделікті қысқа серуендер сіздің денсаулығыңызға оң әсерін береді.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Кез келген арманды шындыққа айналдыру қажет. Сізді қиын және нәтижелі күн күтіп тұр, бүгін өзіңіздің бизнесіңізден гөрі басқалардың ісімен көбірек айналысасыз, бірақ бұл сіз үшін тиімді болады. Соның арқасында жаңа қызықты адамдармен танысасыз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін қарым-қатынаста көнуге тырысыңыз, серіктесіңізге жетекшілік етуге мүмкіндік беріңіз. Бұл сіздің жұбайыңыз үшін маңызды. Сүйіктіңізді қуанту үшін оның не қалайтынын сұрау – әбестік емес. Бұл жақын адамыңыздың көңілін көтереді және осылайша арақатынасыңыз жақсарады.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Отбасыңызбен бір айдың жоспарын талқылаңыз. Жұмыс және демалу үшін уақыт бөліңіз. Бірге өткізген уақыт ата-аналар мен балалар қарым-қатынасын жақсартады. Бүгінгі күні жақын адамдармен сөйлесуге уақыт бөлу өте маңызды. Оларға қамқорлық танытып, шыдамды болыңыз.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: