Сәрсенбі, 08 мамыр, 03:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

«170 млн теңге бюджетке қайтарылды»: базарда кәсіпкерлердін заңсыз айналысқандары анықталды

23.08.2023

406 0

Алматы облысында Мемлекеттік кірістер департаменті «ALTYN ORDA NEW COMPANY» ЖШС-де хронометраждық зерттеу жүргізді. Маусым айында жүргізілген тексеріс нәтижесінде бюджетке өсімпұлды есептемегенде 169,6 миллион теңге түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Тексеру нәтижесі бойынша ЖШС 2022 жылдың 4 тоқсанына 530,4 миллион теңгенің кірісін көрсете отырып, қосымша салық есептілігін тапсырды. Қосымша есептелген қосылған құн салығы – 63,6 миллион теңге, корпоративті табыс салығы – 106,0 миллион теңге”,- делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, «ALTYN ORDA NEW COMPANY» ЖШС-де бақылау-касса машиналарын қолданбай ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырудың қосымша нүктелері анықталды (базарға кіру (қақпа) және бухгалтерия). Тексеру нәтижелері бойынша қосымша 4 бақылау-касса машинасы тіркелді.

“Бүгінгі таңда «Алтын Орда» сауда базарында түсіндіру жұмыстарының нәтижелерімен жеке кәсіпкерлер ретінде 742 салық төлеуші және осынша бақылау-касса машиналары ерікті түрде тіркелді. Одан бөлек, Алматы облысы бойынша Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Алтын орда» базарында кәсіпкерлік қызметті салық органдарында тіркеусіз жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау бойынша тақырыптық (рейдтік) тексеру жүргізілді. Рейд барысында 12 жеке тұлға анықталды. Материалдары сотқа жолданды”,– деп мәлімдеді ведомство.

Бұдан басқа, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері 3 салық төлеушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты:

– 1 салық төлеуші кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жіберусіз әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін;

– тауардың бағасын төмендетіп көрсетіп, аталған тауарды «Алтын орда» базарының аумағында өткізген 2 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: