Сенбі, 04 мамыр, 08:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

20 шілдеге арналған жұлдыз жорамал

20.07.2023

955 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Бүгін сіз күнді жағымды жандардың ортасында, әңгіме айтып, демалып, көңіл көтеру арқылы өткізесіз. Жаңа достарға жақсы әсер қалдырыңыз. Болмысыңызды өзгертпеңіз. Шынайы әрекет етіңіз.

 Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Бірнеше күнге әлеуметтік желіні пайдалануды шектеп көріңіз. Бұл сіздің эмоционалды күйіңізге өте пайдалы болады. Бұл күнді қолайлы деп атауға болмайды, бірақ сізде көп нәрсені істеуге уақыт болады. Не істесеңіз де, арманыңызды ұмытпаңыз. Енді сіз қуатыңыз бен күшіңіздің арқасында жоспарыңызға оңай қол жеткізе аласыз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Әлеуметтік желілерде жағымсыз пікір қалдырушыларды қара тізімге енгізуге дайын болыңыз. Олардың айтқанын жүрекке жақын қабылдамаңыз, олар мұны қызғаныштан айтып отыр. Егер сізге немесе сіздің жақындарыңызға дәрі-дәрмек тағайындалған болса, тек дозаға ғана емес, сонымен қатар қабылдау шарттарына да назар аударыңыз: таңертең немесе кешке, аш қарынға немесе тамақтану кезінде және т.б. Бұл препараттың тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Кез келген кездесу сізге жақсы көңіл-күй сыйламақ. Достармен араласып, оларға көбірек уақыт арнаңыз, дүкен аралаңыз. Егер жұмыс орныңыз ұнамай жүрсе, жаңа жұмыс іздеудің уақыты келді.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Өзіңізге сеніңіз, өйткені бұл сіз қалаған нәрсеге қол жеткізудің жалғыз жолы. Көңіл-күйіңізді түсіретін жағдай болуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін көбірек сөйлесіңіз, әлеуметтік шараларға қатысыңыз. Егер сіз өзіңізді жақсы сезінбесеңіз, уайымдамаңыз. Ыстық шай ішіңіз. Түскі үзілісте қаланы аралаңыз. Кешке демалыңыз, ыстық ванна қабылдаңыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Өзіңізге қуаныш сыйлаңыз, бүгін сіз еркелейтін күн. Десе де шектен шықпауға тырысыңыз және ұсақ-түйекке көп ақша жұмсамаңыз. Кейінірек бұл қаражат әлдеқайда маңызды дүниелерге қажет болады. Сіз күтпеген адамдардан риясыз қолдау аласыз. Түстен кейін болмашы мәселелерді шешу үшін шыдамдылық пен ұстамдылық танытыңыз.

 Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Айналаңыздағы адамдарға назарыңыз ауған сайын жұмысыңыз тұралап, қателіктерге бой алдырасыз. Тәртіпке ұмтылыңыз. Жоспарланған кездесулерден бас тартқаныңыз абзал. Қызықты шаруаға немесе қызықты адаммен кездесуге уақыт табыңыз. Бұрынғы хоббиіңізді еске түсіріңіз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Қиын күн күтіп тұр, бірақ сіз күрделі мәселелерден сытылып шыға аласыз. Ең бастысы – сабырлылық және салқындық. Эмоцияларға берілмеңіз, олар тек кедергі болады. Ұсақ-түйек нәрселерге күйгелектенбеңіз және маңызды мәселелерді шешу кезінде ойыңыздың бөлінуіне жол бермеңіз. Пайдалы іспен айналыссаңыз, жан дүниеңіздегі үйлесім арта түседі.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Жеке қарым-қатынаста эмоцияларға бой алдырмаңыз. Әйтпесе сіз өзіңіздің сүйікті адамыңызды ренжітесіз. Ашуыңызды құмарлыққа жеңдіріп, ұмытылмас сәттерді өзіңіз жасаңыз Толассыз энергия, энтузиазм мен сәттілік талай жұмысты нәтижелі атқаруға жағдай жасайды.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін көңіл-күйіңіз керемет болады, жақындарыңыздың бірі сізді қуантады. Отбасыңызбен бірге дүкен аралап, жаңа киім-кешек немесе заттар сатып алуға қолайлы күн. Көңіл-күйіңізді көтеретін сатылым жасаңыз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Кейбір нәрселерді кейінге қалдырып, отбасыңызбен немесе басқа маңызды адамдарыңызбен фильм көруге уақыт бөлуге тамаша күн: уақытыңызды тамаша өткізесіз және өкінбейсіз. Бүгін физикалық белсенділік үшін аса ыңғайлы күн емес, шаршап, жарақат алу қаупі бар.

 Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Денсаулықты жақсарту үшін дәрумендер ішіп, ұйқыңызды қандырыңыз. Күннен қорғайтын кремді қолдануды әдетке айналдырыңыз. Мұндай негізгі қорғаныс терімізге жыл бойы қажет, ол теріні ұзақ жылдарға жас ұстауға көмектеседі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: