Бейсенбі, 02 мамыр, 13:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

24 шілдеге арналған жұлдыз жорамал

24.07.2023

599 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Бүгін жақын адамыңызбен арадағы реніштерге жол бермеңіз. Ашуыңызды басып, сабырмен араға бірер күн салып барып, сөйлесіңіз. Себебі, бүгін нәтиже болмауы мүмкін. Тек жақсы нәрселерді жазатын алғыс журналын жүргізіңіз. Бұл сізге жақсылыққа назар аударуға және оны еске түсіруге мүмкіндік береді.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Жақын досыңызбен қарым-қатынасты бұзбау үшін ашуға бой алдырмаңыз. Дау туындап, жанжал орын алу ықтималдығы жоғары. Жұмыс күнінен кейін спортпен шұғылданыңыз, су процедураларын қабылдаңыз, декорацияны өзгертіңіз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Ауа ылғалдандырғыш сатып алуды ойластырыңыз, бұл сіздің денсаулығыңызға лайықты инвестиция. Егер сіз өзіңіздің сыртқы келбетіңізге өзгеріс жасауды ойласаңыз, бүгін оны жүзеге асыруға тамаша күн.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Өзіңіз естіген тұрмыстық лайфхактардың бірнешеуін қайталап көріңіз. Олар сіздің үйдегі тірлігіңізді жеңілдете түседі. Егер сіз ас үйіңізді жайнатып қойғыңыз келсе, сақтау контейнерлеріне назар аударыңыз. Жарма, ұн, қант, т.б. пакеттерден қарапайым бірдей контейнерлерге салып қойсаңыз, сіздің ас үйдегі сөрелеріңіз жинақы тұратын болады.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Шынайы болудан қорықпаңыз, адамдар тыңдауға және қолдауға дайын. Кездеуге барыңыз немесе ескі достарыңызды шақырыңыз. Ескі фотоларды парақтап, жалпы өткенді еске түсіріңіз. Үйіңізді маусымдық декормен сәндеп көрмеген болсаңыз, байқап көруге болады. Бұл сізге және отбасыңызға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Күннің бастапқы уақыты жеңіл болады. Демалуға немесе өзіңізге ұнайтын іспен айналысуға уақыт табыңыз. Сізді көңіл-күйіңізді көтеретін оқиғалар күтіп тұр (сыйлықтар, ақшалай аударымдар және т.б.). Кешке қарай көңіл-күй күрт нашарлауы мүмкін, соған дайын болыңыз. Жұмысқа алаңдамаңыз, бірнеше күннен кейін бәрі қалпына келеді.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Отбасыңызға сеніңіз, қандай қиындыққа тап болсаң да, туыстарың саған тек жақсылық тілейді. Ең жақсы суреттеріңізден коллаж жасап, бөлмеңізге іліп қойыңыз. Өміріңіздегі бақытты сәттер мен қымбат жандардан құралған суреттерді қараған сайын көңіл-күйіңіз де көтерілетін болады.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Егер сізді денсаулығыңызда бірнәрсе мазаласа, дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз, оның салдары болуы мүмкін. Барлығы жақсы болады, бірақ бұл үшін сізге күш салу керек. Уақыт пен күш жұмсауға тұрарлық нәтиже сізді қанағаттандырады. Ең жақсы жағыңызды көрсетіңіз. Сізді бағаламаған адамдардың ойы өзгереді.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Тілектеріңізді жазып, олардың орындалатынына сеніңіз. Компьютерде Pomodoro жүйесін пайдаланып жұмыс істеп көріңіз, ол өнімділігіңізді айтарлықтай арттыруы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін сіз өте нәзік әрі сезімтал күйде боласыз. Шығармашылық көзқарасты, қиялды қажет ететін жаңа істерді қолға алмаңыз. Аяқ асты жарықтың сөнуіне дайын болу үшін үйіңізде майшам мен шамдар бар-жоғын тексеріңіз. Сізге олар күтпеген кезде қажет болуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін сүйіктіңізбен жанжалдасу қаупі бар. Жанжал туындаған жағдайда, серіктесіңізге тыныштық пен эмоциялардан арылуға уақыт беріңіз. Бүгін сүйіктіңізбен қарым-қатынасты өз қолыңызға алатын күн. Араңыз суып қалса, онда қарым-қатынасты өзіңіз жандандырыңыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Әлеуметтік желіден бір күн демалыңыз, бұл сіздің психикалық денсаулығыңызды жақсартуға сеп болады. Бүгін ұзақ уақыт араласпаған ескі танысыңызды кездестіріп қалуыңыз әбден мүмкін.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: