Сәрсенбі, 01 мамыр, 05:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

28 шілдеге арналған жұлдыз жорамал

28.07.2023

303 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Достарыңызға моральдық қолдау көрсету қазір сізге қиын болса, мұны жасырмаңыз, бірақ жағдайды жұмсақ түрде түсіндіріп айтыңыз, оның мәселелерін талқылауды екеуіңізге де ыңғайлы уақытқа жылжытуды ұсыныңыз. Егер сіз жеке бақшаңыз болуын бұрыннан армандап келсеңіз, алайда сізде жазғы жер үй жоқ болса, көршілеріңізбен келісіп ортақ аулада бірге күтім жасайтын гүлзар жабдықтаңыз. Кішігірім баққа күтім жасау сізді жақындастыра түседі және үлкен қуаныш әкеледі.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін болашақта романтикалық қарым-қатынасқа ұласа алатын таныстықтар болуы мүмкін. Отбасылық бюджетті жоспарлауға қолайлы күн.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Күннің екінші жартысында жақын адамдармен түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Жағдайды ушықтырмаңыз, жұмсақ болыңыз. Иіссуды тек мерекелерде қолдану керек деген ереже жоқ. Өзіңізге күнделікті қолданатын жұпар иіс сатып алыңыз, ол сізді басқалардан ерекшелейтін визит карточкаңыз болады.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Интерьерді немесе гардеробты жаңарту үшін жақсы уақыт. Достар қонаққа келуге асығуда, дастарханыңыз жаюлы болсын. Олар кеткеннен кейін тыныштықта демалыңыз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Жемісті күн: көптеген мәселені шешесіз. Іскерлік келіссөздер жүргізу, жұмыста өсу немесе жаңа ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың басталуы. Мәмілені қабылдауға асықпаңыз: анағұрлым қолайлы шарттармен келісім жасауға мүмкіндік бар. Балаға кінә артар алдында оның жасында өзіңіздің қандай болғаныңызды еске түсіріңіз. Бәлкім сіз де ата-анаңызға көп проблемаларды «тарту» еткен боларсыз?!

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Әдеттегі тағамдарды ақуызға бай мюслимен және кептірілген жемістермен ауыстырып көріңіз: бұл сіздің денсаулығыңызға оң әсер етеді. Балаларыңыздың этикалық дамуына мән беріңіз, фильмдер мен телехикаяларды талқылауға тырысыңыз. Кейіпкерлердің қылықтары мен мінезіне тоқталып, бірге баға беріңіз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Гардеробыңызды тазартуға және қажетсіз ескі дүниелерден арылуға тамаша күн. Тыныштықтан, хоббиден ләззат алыңыз немесе кітап оқыңыз. Үйіңіздің қабырғалары жер бетіндегі ең жақсы орын сияқты көрінетін болады. Шам жағу артық етпейді.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Серіктесіңізді жалғыз қалдырыңыз, оның жеке кеңістігі болғаны өте маңызды. Күніңіздің тыныш өтуін қалағаныңызбен, олай бола қоймайды. Қарбалас тіршілік пен мәселені оңтайлы шешу қажеттілігі туындайды. Сізге жауап іздеуге, басқалармен келіссөздер жүргізуге, өтініштерді орындауға тура келеді.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Керемет күн: отбасында кез келген ісіңізде туыстарыңыздан қолдау табасыз. Кем дегенде бір апта бойы күніне 7-8 сағат ұйықтауға тырысыңыз, сонда сіздің сыртқы келбетіңіз қаншалықты оң өзгеретінін көресіз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Жақын араласқысы келетін адамдарға және сізді үнемі мақтайтындарға сенбеңіз. Есіңізде болсын, жаңа деген жақсы деген сөз емес. Еш уақытта жасөспірім балаңыздың компьютерін немесе телефонын ақтармаңыз. Ол үшін қатты уайымдап тұрсаңыз да олай жасамаңыз. Олар бұл әрекетіңізді байқап қойса, сізге сенбейтін болады.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін сізге басқалармен ортақ тіл табу қиын болады. Олар мінеп, наразылық танытатын сияқты. Эмоцияларыңыздың сыртқа шығуына жол бермеңіз. Сабырлы болыңыз, қобалжымаңыз, әйтпесе сіз істеріңізге дұрыстап зейін қоя алмайсыз және көп қателіктерге жол беруіңіз мүмкін. Үйге жөндеу жүргізуді ойлап жүрген болсаңыз, бүгін бұған сәтті күн болмақ. Сондай-ақ кез келген жұмысты, бюджетті жоспарлауда сәттілік күтіп тұр.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін сіз сәтті сауда жасайсыз немесе ақшаны еселеудің тиімді жолын табасыз, бұл мүмкіндікті пайдаланыңыз. Түстен кейін сізді жақсы жаңалық күтіп тұр. Бүгінгі күнді отбасыңызбен өткізіңіз. Қарым-қатынас жасауға, қамқорлық жасауға, болашаққа бірлескен жоспарлар құруға уақыт бөліңіз.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: