Сәрсенбі, 13 қараша, 14:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

«Адал азамат – Адал еңбек» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

21.09.2023

1106 0

Осы жылдың 21 қыркүйегінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің қатысуымен Еңбек күніне арналған «Адал азамат – Адал еңбек» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
ҚР Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы Жарлығымен жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету дәстүрлерін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіну мақсатында қыркүйектің соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып бекітілді.
Содан бері айтулы мереке елімізде оныншы рет аталып өткелі отыр. Кәсіби мерекені тойлаудағы мақсат – жастарды еңбекке үйрету, еңбекпен есімі еленген жандарды көпке үлгі ете отырып, беделін арттыру болып табылады. Сонымен қатар, жұмысшы кәсіптерін танымал қылып, жастарды өндіріс саласына тарту басты назардан тыс қалмауы қажет.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда да, халыққа арналған Жолдауларында әрдайым кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы және елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс екендігін айтып келеді.
Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет алғы сөзінде жиналғандарды Еңбек күнімен құттықтап, бұл мереке адал еңбегімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген еңбеккерлерге көрсетілген құрметтің көрінісі екендігін атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында «Таң ЛТД» ЖШС бас агрономы, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері, «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік жеңімпазы Е. Ақбергенов, Облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары М. Бәйімбетовт және облыстық кәсіподақтардың жастар қанатының өкілі Р. Шарапат өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
Жыл сайын Еңбек министрлігімен Еңбек күні қарсаңында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға бағытталған «Еңбек жолы» республикалық конкурсы өткізіліп келеді. Биыл бұл байқауға облыс бойынша 26 азамат қатысты. Солардың арасынан «Үздік еңбек әулеті» номинациясының жеңімпазы Қызылорда қаласының мұнайшылардан құралған Атшыбаевтар әулеті марапатталды. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша жалағаштық Ербол Ақбергенов жеңмпаз атанса, «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясында Арал ауданының тұрғыны Мирамбек Абдраупов лайық деп танылды.
Шара соңында «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік жеңімпаздары, бұған қоса еселі еңбек етіп, ел алғысына бөленіп жүрген бір топ азаматқа сый-сияпат көрсетіліп, облыс әкімі атынан алғыс хаттар табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: