Бүгін облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы ұжымымен семинар өтті.
Семинарда ҚР мемлекеттік қызметі туралы заңының және Әдеп кодексінің нормалары түсіндірілді.
Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметтегі мінсіз бедел ұғымына, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға және әдеп нормалары бұзушылықтарына тоқталды.
Әріптестермен қарым-қатынас кезіндегі және қызметтен тыс уақыттағы әдептілік стандарттары, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жауаптылықтар, мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер айтылды.
Сондай-ақ «Заң мен тәртіп» идеологемасының негізгі қағидаттары түсіндіріліп, құқық үстемдігі, баршаның құқық нормалары алдындағы теңдігі, құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпараттар берілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
