Жұма, 03 мамыр, 01:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Көрші баланың аузы мен қолдарын байлап, қорлаған

20.07.2023

315 0

Желіде баланың аузын және қолдарын айқастырып матамен байлап, көшеде ертіп жүрген бейнежазба тарады. Оқиға Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Баланы қорлаған әйелдің әрекеті желі қолданушыларының шамына тиді. Олар қаскөйді тауып, оны жазалауды сұрайды.  Әйел адам қыз баланың қолын айқастырып байлап, аузын матамен жапты да, жетектеп, көшенің бұрышына алып кеткен. Ол қызды белгісіз аймаққа алып бара жатқаны көрінеді.

Бұл көрініске куә болған ер адам оларды сыртынан жасырып бейнежазбаға түсіріп алыпты. Көпшілік күдіктіні анасы деп топшылағанымен, Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева жағдайға түсініктеме беріп, әйел олардың көршісі екенін айтты. 

“Бала табылды, ата-анасының жанында. Балаға қол көтерген әйел сол үйдің көршісі екен. Әйелдің орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыстар атқарылуда”, – деді Закиева. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: