Сәрсенбі, 01 мамыр, 03:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Әйелдерге тиран күйеуге шыдасын демеймін»: Толқын Тұрарбекқызы

24.08.2023

500 0

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің әйелі Толқын әлеуметтік желіде оқырман сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Толқын Тұрарбекқызының айтуынша, оған оқырманнан түрлі хаттар келеді. Алайда белгісіз желі қолданушысының күйеуі Төреғали туралы айтқан сөздері көңіліне тиген көрінеді. 

“Толқын, ақыл үйретіп отырған сенсің. Өзіңнің жолдасың сені неше рет ұрып, қорлады. Сен соның бәріне төздің. Себебі онсыз сен өмір сүре алмайсың, өзіңді-өзің материалдық тұрғыдан қамтамасыз ете алмайсың. Бірақ сен күйеуіңмен ажырасып, бақытты өмірді таңдауыңа болатын еді. Алладан тиран күйеуден құтқаруын сұрап, өзіңе лайықты ер азаматпен тыныш өмір кешуді сұрауға мүмкіндігің бар еді. Бірақ оның орнына барлығына төзіп, шыдамды болуға үйретіп жүрсің”, – делінген хатта. 

Толқын өзгенің өмірі жайлы сырттай ештеңе айтуға болмайтынын ескертті.

“Жекеме өте көп хаттар келеді. Соның біреуіне қатысты ескерту айтқым келеді. Қыздар, сенімен өмір сүріп жатқандай сенімді жазатындарды оқығанда таңғаламын. Адамның ішін де, сыртын да бұл өмірде ешқашан шын мәнісінде біле алмаймыз. Көзбен көргеннің өзі жалған болып қалмасына ешкім кепіл емес. Сондықтан ақиқатты білмей пікір айтудан аулақ болсаңыздар. Әйелдер қауымына тиран күйеуге шыдасын демеймін. Бірақ күресудің әртүрлі жолы бар. Уақыты келгенде біраз ақиқатты білгенде өте қатты ұялып қалмасаңыздар екен. Барлық нәрсенің ақырын білмей, тон пішуден аулақ болайықшы”, – деп жауап берді Төреғалидің әйелі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: