Жексенбі, 24 мамыр, 17:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38 (2250)
23.05.2026
PDF мұрағаты

Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің арасында семинар ұйымдастырылды

24.05.2026

58 0

Фото: Әдеп Жөніндегі Уәкіл

ҚР Мемлекеттік қызметі туралы жаңа заңының нормаларын түсіндірме жұмыстары жалғасуда.

Кезекті түсіндірме жұмыстары облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері мен басқармаға қарасты орталықтардың басшыларына өткізілді.

Жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Мейрамкүл Бибітова жаңа заңның нормаларын егжей-егжейлі түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Әдеп жөніндегі уәкіл Бағдат Әбдіқадыр мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіның мен заңның жаңа редакциясындағы әдептілік нормалары туралы айтты.

Сонымен қатар, сала қызметкерлеріне Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог-маманы Нұрдаулет Бауыржан діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын, деструктивті діни ағымдардың белгілерін түсіндірді.

Семинарда тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылардың сауалдарына жауаптар берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: