Бейсенбі, 29 ақпан, 13:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2027)
27.02.2024
PDF мұрағаты

Аймақта алғаш рет «Парасат жолы» облыстық слеті өткізілмек

29.11.2023

323 0

Биыл облыста алғаш рет жас мемлекеттік қызметшілерді мәдени-көпшілік, интелектуалдық және спорттық шараларға қатыстырып, нетворкинг алаңын құруға, қолдауға бағытталған «Парасат жолы» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында өткен шараларға мыңнан аса мемлекеттік қызметші белсенді қатысты. Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жас мемлекеттік қызметшілердің «Парасат жолы» облыстық слеті аясында Сыр еліне келген ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбілмен кездесіп, Қызылорда облысындағы мемлекеттік қызметшілерді қолдау, мемқызметтің әлеуетін арттыру шараларын талқылады, – деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақ басшысы мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыруда, тәжірибе, өзара пікір алмасу алаңына айналдыруда бұл шараның маңызы зор екенін атап өтті.

«Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға, қызметтік өсуіне жағдай жасау ұдайы назарда. Биыл өңірде 96 мемлекеттік қызметкер қайта даярлаудан өтті, 697-сі біліктілік арттыру курстарында машығын жетілдірді. Өңірлік резервті қалыптастыру үшін құзыреттерді бағалауды жүзеге асыратын ассесмент қызметіне қажетті қаржы қаралуда. Аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім жетілдіруіне, академия түлектерінің ел дамуы жолында аянбай еңбек етуіне қолдау білдіруге дайынбыз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Өз кезегінде Ерлан Қуанышұлы облыс әкіміне көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, алдағы уақытта да тиімді әріптестік орнатуға ниет білдірген. Сыр өңірінде 3200-ден астам мемлекеттік қызметші түрлі салада еңбек етеді, 35 жасқа дейінгі 471 жас мемлекеттік қызметші бар. Олардың 20-сы – Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, 3-еуі – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Өткен жылы Қызылорда облысында 9 мемлекеттік қызметші Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының грантын иеленсе, биыл 6 мемлекеттік қызметші академияда жаңа білім дағдыларын меңгеруде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: