Жексенбі, 28 сәуiр, 00:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Аймақта кене шаққан тағы бір адам қайтыс болды

11.07.2023

629 0

Қызылорда облысында Конго-Қырым қанды безгегінен тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Агенттіктің хабарлауынша, Конго-Қырым қанды безгегінен қайтыс болған адам Шиелі ауданына қарасты Н.Бекежанов ауылының 32 жастағы тұрғыны. Бұл – өңірде аталған диагноздан көз жұмған үшінші адам. «Жыл басынан облыс бойынша Конго-Қырым қанды безгегіне шалдығу күдігіне байланысты 29 жағдай тіркелді. Олардың арасынан 10-ы клиникалық-зертханалық және эпидемиологиялық жолмен нақтыланды. Атап айтқанда, Қармақшы, Сырдария аудандары мен облыс орталығында – 1, Жанақорғанда – 5, Шиеліде 2 дерек анықталды. Былтыр 601 адам дәрігерлер қарауында болса, биыл олардың саны 712 адамды құрайды», – дейді облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова. Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысында кене шаққан екі адамның, Түркістан облысында бір баланың қайтыс болғанын хабарлаған едік. Олардың барлығы Конго-Қырым қанды безгегін жұқтырған. Мамандардың сөзінше, кене шаққан баланың өліміне медициналық көмекке кеш жүгінуі себеп болған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: