Жексенбі, 28 сәуiр, 15:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Айжан Байзақова ерекше стильде гендер пати жасады

11.07.2023

504 0

Күні кеше жүкіт екенін жариялаған атышулы блогер Айжан Байзақова күйеуі Нұрбекпен болашақ баласының жынысын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ерлі-зайыпты Disney стилінде гендер пати ұйымдастырып, жақын достарының басын қосты. Күлгін түсті көйлек киген Айжан ханшайымның рөлінде болса, күйеуі Нұрбек нағыз ханзададан аумай қалған. Отбасылық мерекеге блогердің үлкен ұлы Алан да қатысты.

Видеодан қораптан көк түсті конфетти шашылғанын көруге болады. Блогердің ұлды болатыны белгілі болды. Мерекеге жиналған қонақтар ерлі-зайыптыларды қуанышымен құттықтап жатты. 

“Футбол командасы болатын сияқты”, – деп жазба қалдырды Байзақованың өзі.

Желі қолданушылары да жас отбасыны қуанышымен құттықтап, ақжарма тілектерін арнады.

“Бір күнде жүкті екенін айтып, гендер пати жасаған жалғыз блогер”, “Құттықтаймын”, “Сіздер үшін қуаныштымын”, “Алан жақсы аға болады”, “Күйеуіңіз нағыз ер азамат. Бақытты болыңыздар”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Бұған дейін блогер өзінің жүкті екенін жариялаған болатын. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: