Сенбі, 27 сәуiр, 17:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Актер Еркебұлан Тоқтар әкесіне су жаңа көлік сыйлады

21.07.2023

378 0

Отандық актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар әкесіне су жаңа көлік алып берді. Өнер иесі бұл қуанышын Instagram парақшасында көпшілікке бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Аллаға шүкір! Бүгін әкемді қуантуға нәсіп етіпті», – деп жазды Еркебұлан Тоқтар. Сонымен қатар актер видеода «Әкеме бүгін бір сыйлық жасайын деп тұрмын. Әкемнің менің көлігіме қызығып қалғанын көрдім. Бірге сыйлайық», – дейді.

Ал желі қолданушылары Еркебұлан Тоқтардың бұл ісіне сүйсініп, жылы лебізін жаудырды. «Жарайсыз», «Керемет», «Құтты болсын», «Бөлексің», «Осы көлікке немерелер толсын», «Енді келін әкелу қалды», – деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, актердің әкесіне сыйға тартқан Hyundai Palisade темір тұлпарының нарықтағы бағасы – 27 млн теңгеден басталады. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Еркебұлан Тоқтар жар таңдауда қыздарға қандай шарт қоятынын айтып, желіде қызу талқыға түскен еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: