Жұма, 03 мамыр, 23:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Алла оған перзент сыйлау керек»: Айжан Байзақова

21.07.2023

420 0

Танымал блогер Айжан Байзақова екінші күйеуі Нұрбек пен ұлы Аланның ара қатынасы туралы ашық айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ерлі-зайыптылар екінші сәбиін көп күткен. Айжан желіге сәбилі болатынын білген сәттегі бейнежазбаны жариялады.

“Мұнда жүкті екенімді білген кезім. Нұрбектің ата-анасы бізге торт жіберіп, менің көңілімді босатты. Күн сайын осындай адамдарды жолықтырған Аллаға шүкір айтамын. Нұрбек екеуіміз үшін бұл эмоционалды тұрғыдан ауыр болды. Аланды санамағанда Нұрбекте бала жоқ. Мен оның сәбилі болуды қалап, жабырқап жүргенін көрдім. Бірақ ол ешкімге білдірмейтін. Неке қиған соң біз  Алладан перзент сұрап, көп емделдік. Кейін бізге “бұйыртқан болса, болады, алаңдамаңдар” деді. Біз дәл солай жасадық. Мен жүкті екенімді білгенде Нұрбекке тосынсый жасап, сіздермен бөліспек едім. Бірақ екі сызықты көргенде бірден Нұрбекке көрсеттім. Бұған дейінгі талпыныстарымыз сәтсіз болған еді”, – деп жазды Айжан Байзақова.

Блогер екінші күйеуінің ұлы Аланға туған әкесіндей қарайтынын айтты.

“Соңғы екі жылда Нұрбек өзінің қандай керемет әке екенін көрсетті. Аланның тісі ауырып, біз шаруаларымызбен кеткенде Нұрбек әр секунд сайын ұлына хабарласып, жағдайын біліп тұрды. Қалған уақытта қасынан шықпады, түнде дәрісін берді. Уайымнан қолдары дірілдеп кететін. Мен Нұрбек секілді уайымдамаған шығармын. Барлық әке баласы үшін бұлай уайымдамайды. Жүкті болғанға дейін: «Алла оған перзент сыйлау керек» деген ойда болдым. Мен “көз тимесін” деп бұл туралы айтпай-ақ қоюыма да болатын еді. Бірақ менің өмірім көп қыздарға демеу болатынын, бұл менің өмірлік миссиям екенін де білемін. Мен өзімнің шынайы болмысымды көрсетемін. Өмірімде қуаныш та, қайғы да болды. Мені және ұлымды қабылдамай қойған кездер болды. Бірақ Алла менің ешкімге жамандық ойламай өмір сүргеніме куә. Сондықтан болар, күйеуім мен оның отбасы Алланың маған берген сыйы. Ешқашан ештеңе мінсіз болмайды. Бірақ соныңда әркім өзіне лайықтысын алады”, – деп өмірлік тәжірибесімен бөлісті блогер.

Айта кетейік, бұған дейін атышулы блогер сәбилі болатынын жария қылған еді. Айжан Байзақова мен күйеуі болашақ сәбиінің жынысын анықтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: