Жұма, 11 қазан, 03:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

“Аллаға шүкір, сені таптым»: Zheka Fatbelly лақап атымен танымал блогер

27.07.2023

525 0

Жастар арасында Zheka Fatbelly деген лақап атпен танылған блогер Жеңіс Омаров сүйіктісіне сөз салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Танымал блогер жақын достарының басын қосып, ғашығына ұсыныс жасады. 

“Аллаға шүкір, сені таптым. Сіздерге де Алла жаныңыздың екінші жартысын табуды нәсіп етсін. Жылы лебіздеріңізге көп рахмет! Құдайдан сұраңыздар, сұрағаныңызды береді. Қандай сезімдемін? Жаным тыныштық тапты”, – деп жазды Жеңіс Омаров.

Желі қолданушылары блогерді қуанышымен құттықтап, ақ тілегін жаудырды.

“Бақытты бол, Жәкесі! Сен үшін, мамаң үшін қуаныштымын”, “Екі д.үниенің бақытын тілеймін”, “Сен үшін қуаныштымыз, бақытты болыңдар”, “Құтты болсын, жұғысты болсын”, “Керемет жұп”, – деп жазды желідегілер.

Блогердің таңдауы дін жолындағы, хиджабтағы аруға түскен. Бойжеткеннің кім екені әзірге белгісіз. Жиында бас қосқан жандар да қалыңдықтың бет-жүзін жасыруға тырысты. Алайда блогердің ұсыныс жасаған сәттегі бейнежазбалары әлеуметтік желіге тарап кетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: