Бейсенбі, 20 маусым, 21:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48-2058
18.06.2024
PDF мұрағаты

Алматыдағы автобус апаты: Жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалған

09.01.2024

438 0

Фото: stan.kz

Алматыда үш адам қаза тапқан автобус апатына қатысты автобус жүргізушісі сұхбат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды

Жүргізуші әйелдің сұхбаты әлеуметтік желіде тарады. Сұхбатта жүргізуші өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтады. 

«Мен қаза тапқан адамдардың отбасына көңіл айтамын. Менің ешқандай арам ойым болған жоқ. Жауыма да мұны тілемес едім. Мен өзімді кінәлі деп есептемеймін. Өйткені жолаушы мені талып қалғанша соққыға жығады деп ойламаппын.  Ауруханада жатқан кезде екі тергеуші келді. Екеуі де менің кінәмнің жоқ екенін айтқан болатын. Ауруханадан шыққаннан кейін менің үстімнен ауыр бап бойынша іс қозғалғанын біліп отырмын. Мен жалдамалы пәтерде тұрамын, екі балам бар. Еңбектеніп жүрген қарапайым адаммын. Ешқашан сөгіс естіп көрмегенмін. Егер маған соққы жасалмаса, бұлай болмас еді. Әділ шешім шығады деп үміттенемін. Бәрі маған неге жолаушымен тартыстың деп айтып жатыр. Мен онымен тартыспадым, тіпті көп сөйлескен де жоқпын. Оған қараған да жоқпын, жолға қарап бара жатқанмын. Автобусыма күніне мыңдаған адам кіріп, шығады. Тура сол кезде аса қауіпті көпірден өтіп жатқанмын. Ес жиғанда автобус көпірден құлап кетті деп ойладым. Мен не жағдай болғанын ауруханада ғана білдім”, – дейді автобус жүргізушісі.

Жүргізуші әйел енді қашан көлік тізгініне отыратынын білмейтінін айтады. 

«Бізде барлығы автоматтандырылған. Камералар бар. Диспетчер барлығын онлайн түрде бақылап отырады. Сондықтан аялдамаға жетпей жатып, жолаушыны түсірмек болды деген нұсқа тіпті қарастырылмауы керек. Қашан қайтадан рөлге отыратыным белгісіз. Әлі күнге дейін бет сүйектерім ауырады. Тамақ та шайнай алмаймын, қорқыныш пайда болды. Тыныш ұйықтай алмаймын”, – дейді жүргізуші.

Жүргізуші әйел өзінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтқанымен, Алматы полициясы бұл деректі жоққа шығарды. Полицияның мәліметінше, автобус жүргізушісі адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде тергеуге шақырылған.

«Автобустың қағуы салдарынан үш азаматтың қаза болуына байланысты Алматы полиция департаменті “абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету қағидаларын бұзу» және “бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Бұл істер бойынша автобус жүргізушісі жәбірленуші ретінде танылды. Бұл жағдайда тергеу органы жүргізушіні жауапкершілікке тарту туралы мәселе көтерген жоқ, ол куәгер ретінде тергелді», – делінген полиция хабарламасында.

Тергеу және сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша іске қатысты процессуалдық шешім қабылданады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: