Құрылтай

Бейсенбі, 09 шiлде, 16:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51 (2263)
09.07.2026
PDF мұрағаты

Ата-ана мүгедек баласына жәрдемақы алуы үшін нені білуі керек

09.07.2026

45 0

Фото: Pexels

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар балаларға жәрдемақының қалай тағайындалатынын түсіндірді, – деп хабарлайды KAZINFORM

— Алдымен балаға медициналық-әлеуметтік сараптама нәтижесі бойынша мүгедектік белгіленеді. Содан кейін ата-анаға немесе заңды өкіліне жәрдемақыларды рәсімдеу туралы СМС-хабарлама келеді. Келісім берілген жағдайда жәрдемақыларды мемлекеттік органдарға бармай-ақ рәсімдеуге болады, — деді Еңбек министрінің кеңесшісі Фарида Сағындық ведомствоның Telegram-арнасында жарияланған бейнематериалда.

Оның түсіндіруінше, бұл ретте 2 түрлі жәрдемақы тағайындалады. Біріншісі — балаға мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы. Екіншісі — мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамға берілетін жәрдемақы. Егер СМС-хабарлама келмесе немесе келісім расталмаса өтінішті eGov порталы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну арқылы беруге болады.

— Мүгедектігі бар балаға 18 жасқа дейін күтім жасау кезеңі еңбек өтіліне есептеледі. Демек, балаға күтім жасауға арналған уақыт жоғалмайды және зейнетақы тағайындау кезінде ескеріледі. Кейін бұл еңбек өтілі базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу кезінде қарастырылады. Сонымен қатар мүгедектігі бар баланы тәрбиелеумен байланысты жәрдемақы жұмыс істемесе ол үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды мемлекет төлейді, — деді ол.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірінші топтағы, қозғалысы қиындықтары бар мүгедектігі бар тұлғаларға жеке көмекші қызметін көрсету ережелеріне түзетулер әзірлеген еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: