Құрылтай

Сейсенбі, 21 шiлде, 20:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54 (2266)
21.07.2026
PDF мұрағаты

Автолизингтің автонесиеден қандай артықшылығы бар

21.07.2026

61 0

Фото: Kazinform

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Қазақстанның автокөлік одағы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте жеке тұлғаларға арналған автолизингтің артықшылықтары мен оның автонесиеден айырмашылығын түсіндірді, – деп хабарлайды KAZINFORM

– Бұл бағдарлама тиімді деп есептейміз. Өйткені, ол – автокөлік сатып алудың қосымша мүмкіндігі. Иә, алғашқы айларда мемлекеттік органдар бірқатар қосымша ұсынысын жеткізіп, олардың барлығы пысықталды. Жақын арада тиісті ақпарат жарияланады деп ойлаймын, – деді Ерсайын Нағаспаев.

Ал Қазақстанның автокөлік одағының президенті Анар Мақашева бұл тетіктің автонесиеден айырмашылығын түсіндірді.

– Автокөлікті несиеге алғанда, ол бірден сіздің атыңызға рәсімделеді. Бұл жерде тек қаржылық міндеттеме болады, яғни сіз көліктің құнын белгілі бір мерзімде төлейсіз. Ал лизинг – өзгеше тетік. Автокөлік лизингтік компанияның, яғни заңды тұлғаның атына рәсімделеді. Компания қаржы береді. Сатып алушы өзі жүргізгісі келетін көлікті таңдайды. Мерзім соңында оны сатып алуына да, алмауына да болады. Таңдау мүмкіндігі бар, – деді Анар Мақашева.

Оның айтуынша, бағдарламаның басты артықшылығы – автонесиемен салыстырғанда шарттары тиімді.

– Сатып алушы автокөлікті бастапқы жарнамен де, бастапқы жарнасыз да ала алады. Сондай-ақ, белгілі бір мерзімге сервистік қызметтердің толық пакетімен рәсімдеуіне болады. Одан бас тартып, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүргізуді таңдауға да мүмкіндік бар, – деп түсіндірді Анар Мақашева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: