Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ауыл әкімі 12 жасар баланы көлікпен қағып өлтірді

07.11.2023

1823 0

Жетісу облысы Көксу ауылында әкім 12 жасар баланы қағып өлтірді деген күдікке ілінген. 

2 қарашада Көксу әкімі Әлия Бақтиярова көлікпен 12 жасар баланы қағып  кеткен деген күдікке ілінді. Жасөспірім оқиға орнында жан тапсырған.

Желіде тараған ақпарат бойынша оның атына хаттама толтырылған, алайда шенеунікті полиция қызметкерлері үйіне жіберген.

“12 жасар бала Hyundai Creta көлігінің астына түсіп, көз жұмды. Көлікті 39 жастағы әйел басқарғаны анықталды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Шетелдік машина арнайы автотұраққа орналастырылған. Тергеу облыстық анықтау басқармасының бақылауында”, – деп мәлімдеді Жетісу облысы полиция департаменті.

Ақпарат көздері: stan.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: