Жұма, 22 мамыр, 17:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37 (2249)
19.05.2026
PDF мұрағаты

Ауыл аманаты: кәсіптің дамуына мол мүмкіндік

22.05.2026

39 0

Фото: Ауыл Шаруашылығы Басқармасы

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсібін дамытып отырған кәсіпкерлердің бірі — Бекназаров Нұрлан Ермекбайұлы.

2025 жылы кәсіпкер мемлекет қолдауымен 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие арқылы 7 000 000 теңге қаражат алып, жылыжай бағыты бойынша жұмысын бастаған.

Қазіргі таңда заманауи жылыжайда түрлі көкөніс көшеттерін өсіріп, егіс алқаптарына егіп, өнім алуда. Кәсіпкер ауыл шаруашылығы саласын дамытуға өз үлесін қосып, еңбектің нәтижесін көріп отыр.

Бүгінде жылыжайда еңбек қызу жүргізіліп, өнім көлемі артып келеді. Бұл — мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл кәсіпкерлерінің кәсібін кеңейтіп, табысын арттырып отырғанының нақты дәлелі.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарына жаңа мүмкіндік сыйлап, кәсіптің дамуына серпін беруде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: