Дүйсенбі, 20 мамыр, 08:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Ауылшаруашылығы санағын жүргізудің тәртібі әзірленді

10.03.2024

353 0

Сурет: Zakon.kz

Ұлттық статистика бюросы ауылшаруашылық санағын жүргізудің пилоттық ережелерін әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пилоттық санақты Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері қызметкерлері ауылдық жерлердің екі елдімекенде және қалалық сипаттағы тағы бір елдімекенде интервьюерлерсіз жүргізеді.

Санақ парақтарын аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері немесе респонденттердің (субъектілер) құжаттамалық растауынсыз ауызша немесе жазбаша мәліметтері негізінде толтырады.

Ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мынадай санаттары пилоттық санақ субъектілері болып табылады:

  • экономикалық қызметтің негізгі және қайталама түрлерімен ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы кәсіпорындары) шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, дара кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі – ДК (ШФҚ);
  • жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелері (саяжай, бау-бақша, бақша) және/немесе ауыл шаруашылығы жануарлары бар үй шаруашылықтары (бұдан әрі – ЖҚШ (СБШ).

Пилоттық санақ объектілері: жер және егіс алаңдары; ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың саны; ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары; мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары; ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын ұстауға арналған өндірістік ғимараттар мен үй-жайлар; ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар мен құрылысжайлар болып табылады.

Пилоттық санақ үш кезеңді қамтиды: дайындық, негізгі және қорытынды кезеңдер.

Дайындық кезеңінде қолда бар деректерді нақтылау үшін аумақты бөлімшелер қалалық жердің әрбір елді мекенінің аумағын тіркеу учаскелеріне бөледі.

Қалалық жерде жұмыскерлер нақтылау жүргізеді және электрондық және қағаз жеткізгіштерде(қажет болған жағдайда) белгілі нысан бойынша «Алдын ала аралау тізімі (жеке қосалқы, саяжай және бау-бақша шаруашылықтары) кезеңділігі»: біржолғы санақ парағын толтырады.

Жұмыскерлер ЖҚШ (СБШ) барады, келу мақсатын түсіндіреді, алдағы пилоттық санақты өткізу күні туралы хабарлайды және мекенжайын; учаскенің жалпы алаңын; ауыл шаруашылығы дақылдары мен көпжылдық екпелердің болуы мен егілуін; ауыл шаруашылығы жануарларының болуын нақтылайды.

Аумақтық бөлімшелер нақтыланған алдын ала аралау тізімдері (қалалық жер), электронды шаруашылық бойынша есепке алу (ауылдық жер) деректері және картографиялық материалдар (бар болса) негізінде аумақты жұмыскерлердің ЖҚШ (СБШ) сауал салу жүргізуі үшін қажет учаскелерге бөледі.

Пилоттық санақ жүргізуге жататын қалалық және ауылдық жерлердегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ДК (ШФҚ) тізімдері Ауыл шаруашылығы статистикалық тіркелімінен қалыптастырылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: