Дүйсенбі, 18 мамыр, 19:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 (2248)
16.05.2026
PDF мұрағаты

Азық-түлік, ет және қант сегменті: елде инвестициялық мүмкіндік қандай

18.05.2026

61 0

Фото: Saudagovkz

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов іске асырылмаған ауқымды инвестициялық мүмкіндіктер жайында айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM

– Импортты алмастыру әлеуеті бар жобаларға тоқталғым келеді. Жеке бизнеспен қатар, жекелеген министрліктер де бұл тұрғыда тиісті бағыттарды белгілеп жатыр. Мысалы, Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлікке қатысты 12 бағыт пен жалпы құны 4 трлн теңгеден асатын жобалар пулын анықтады. Сонымен қатар, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі азық-түлік емес тауарлар топтары бойынша осындай жұмыс жүргізді, – деді А. Қасенов Сенаттағы экономика өсіміне арналған Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, жылыжай сегментінде 800 млн доллардан асатын әлеуетті инвестициялық мүмкіндіктер анықталды. Ет және ет өнімдерін өндіруде олардың құны 1,1 млрд доллардан асады.

– Белгілі бір өнім топтарында импортты алмастыру үшін де, экспортты айтарлықтай арттыру үшін де әлеует бар. Қант сегментінде импорт 55 пайызды құрады. Сонымен бірге, отандық зауыттар негізінен импорттық шикізатты өңдеп жатыр. Осы орайда 800 млн доллардан астам сомаға әлеуетті инвестициялық мүмкіндіктер анықталды. Көріп отырғанымыздай, нарық барлық осындай мәселелерді қамтып тұрған жоқ. Сондықтан іске асырылмаған ауқымды инвестициялық мүмкіндіктер бар, – деді вице-министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: