Сенбі, 27 сәуiр, 10:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Басымызға пакет кигізді»: күдіктілерді изоляторда азаптаған полицейлер сотталды

27.07.2023

259 0

Түркістанда қой ұрлады деген екі күдіктіні тергеу изоляторында азаптап, заңсыз ұстады деп айыпталған полицейлерге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бір жылға созылған істің соңы айқай-шумен аяқталды. Үкімге келіспеген бұрынғы қызметкерлер сот залында жанжал шығарды. Қамауды қиратып, сыртқа қашуға тырысқан. Наразылық білдірген сотталушыларды күзет күшпен тоқтатты. Сол аралықта судья мен прокурор сот залынан кетіп қалды.

Ер адам бір жыл бұрын әлеуметтік желілерде түркістандық полицейлерден қорлық көргенін мәлімдеген. Тергеу бөлімінде бастарына пакет кигізіп, тұншықтырғанын айтып, прокуратураға шағымданған. Нәтижесінде алты полицей қамауға алынды. Олардың үстінен «Азаптау» және «Адамды заңсыз ұстау» бабы бойынша іс қозғалды. Алты полицей 3,5 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

“Сотталушылардың сол жерде болғаны, жәбірленушілерге азаптау және заңсыз ұстау фактілері дәлелденді. Аталған дәлелдерге күмәнмен қарауға негіз жоқ”, – деді Түркістан қалалық сотының судьясы Абай Бекботаев.

Үкіммен келіспеген сотталушылардың жақындары сот залында наразылық білдіріп, шу шығарды. Осы кезде сотталушылар да кінәсіз екендерін айтып, қоршауды сындырып, сыртқа ұмтылды. Осы аралықта сот залынан үкімді түсіндіреміз деген судья мен прокурор қашып кеткен. Күзет жаппай тәртіпсіздікті бес минуттан соң тоқтатты. Сотталғандардың жақындары жедел жәрдем көмегіне жүгінді.

Балаларымыздың ешқандай кінәсі жоқ. Егер балам кінәсіз болғанда, мынандай жағдай болмас еді. Ол жазықсыздан қамалғаны үшін, әке-шешесіне жаны ашығаны үшін өзін ұстай алмай қалды. Балалардың қылмысы дәлелденбеді. 27 сот отырысы болды. Біреуіне қалмай келдім. Сот отырысында олардың бір де бір дәлелі дәлелденген жоқ”, – деді сотталушының анасы Рая Құдайбергенова. 

Сот отырысына жәбірленушілер келген жоқ. Ал экс-полицейлердің ата-аналары енді апелляцияға сотқа жүгінуге ниетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: