Бейсенбі, 09 мамыр, 09:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Бейбіт Қорған «Астарлы ақиқатты» сотқа бермек

03.03.2024

485 0

Фото: aiqyn.kz

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында сараптама нәтижесі шыққанын мәлім етті деп хабарлайды Aiqyn.kz

Жақында Атырау қаласынан Нұргүл Зиханова есімді әйел «Астарлы ақиқат» бағдарламасында бес жасар баласының әкесі Бейбіт Қорған екенін айтқан болатын. Ол әншіден баланы емдетуге көмектесуін талап етіп, сотқа арыз түсірген.

Осыдан кейін Бейбіт Қорған Атырауға барып, арнайы зертханада ДНҚ сараптамасын тапсырған. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында сол сараптама нәтижесі шыққанын мәлім етті.

«Достар, азаматша Нұргүл Зиханова үстімнен Атырау облысының сотына арыз жазып, КТК телеарнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасында мені баланың әкесі деп заңсыз айыптаған болатын. Осыған байланысты қазір ДНҚ сараптамасының қорытындысы шықты», – деп жазды Бейбіт Қорған Instagram желісінде.

Әншінің адвокаты ДНҚ қорытындысы бойынша Бейбіт Қорған баланың әкесі емес екені анықталғанын жеткізді.

«Бейбіт Болатұлы Қорғанға қатысты халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап бергім келіп отыр. Мен Атырау облыстық қорғаушылар алқасының мүшесі, адвокат Орынгүл Ұзаққалиевамын. Аталған азаматтық іс бойынша келісімшарт негізінде жұмыс істеймін. Бейбіт Қорғанның адвокаты ретінде сот процесіне қатысқан едім. Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне Нұргүл Зиқановадан арыз түскен. Оның тарапынан баланың әкелігін анықтау туралы сараптама тағайындалды.  Сот ұйғарымы бойынша 24 қаңтарда Бейбіт Қорған сот биологиялық үлгілерін тапсырды. 27 ақпанда соттың барлық қатысушысының көзінше сот сараптамасы ашылды», – дейді адвокат.

Ол ДНҚ қорытындысы бойынша Бейбіт Қорған баланың әкесі емес екені анықталғанын, сондықтан Нұргүл Зиқанова өз арызын қайтарып алғанын айтты. 

Сонымен қатар сот сараптамасы шықпай «Астарлы ақиқат» бағдарламасының қатысушылары Бейбіт Қорғанға тегіне, ар-намысына нұқсан келтіретін сөздер айтуына байланысты сотқа жүгінетінін мәлімдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: