Сенбі, 25 мамыр, 00:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 – 2051
25.05.2024
PDF мұрағаты

«Бейіт басына зәулім сарай салуға тыйым салынады». Құлпытас орнатудың жаңа ережесі кабылдануы мүмкін

20.07.2023

646 0

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бұдан былай бейіт басына зәулім сарай салып, марқұм үшін үлкен жерді алуға тыйым салмақ, – деп хабарлайды Massaget.kz

Басқарма жанынан ашылған Қамқор-Шапағат орталығы бірнеше облыстың мәслихатына осындай ұсыныс жолдады. Егер депутаттар қолдаса, 20 аймақтағы зират заңдылығы өзгереді. 

«Қабірге жерленген кісінің кім екенін айқындау мақсатында және жүргіншілер тарапынан тапталып, аяқ асты болмауы үшін оған шағын белгі қоюға рұқсат. Құлпытас биіктігі 1 метр, ені 50 сантиметрден аспауға тиіс. Құлпытасқа марқұмның аты-жөні, туған жылы мен қайтыс болған уақыты жазылса жеткілікті. Құлпытасқа марқұмның суретін қоюға рұқсат етілмейді», – дейді «Қамқор-шапағат» орталығының директоры Мейрамбек Қабыбекұлы. 

Ал құлпытас жасайтын шеберлер болса, тұтынушылар таңдауында шек жоқ дейді. Олардың айтуынша, бейіт басына белгі қою үшін адамдар 7 миллион теңгеге дейін тапсырыс берген. 

«15-20 мың теңгеден бастап кете береді. 500, 600 мың, 1 миллион теңгеге дейін кете береді. Осы уақытқа дейін 1,5-2 миллионға дейін алғандар болды жалғыз тастың өзін. 7 миллионға дейін де қойып жатырмыз. Гранит-мрамор болып бөлінеді. Қазіргі таңда гранит қатты сұранысқа ие», –  дейді құлпытас шебері Әбілхан Амантұрдиев. 

Ел азаматтарының айтуынша, мазарға биік қоршау қажет. әйтпесе бейітті қаңғыған мал басып кетуі мүмкін.

Ал дін өкілдері бейітті әсепттегеннен марқұмға келіп-кетер пайда жоғын айтады. Олардың айтуынша, сол қаржыға жетім-жесірге көмек берген әлдеқайда абзал.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: