Сенбі, 04 мамыр, 10:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Бір уақытта 1500 адам жұмыссыз қалды

12.01.2024

368 0

Сурет: el.kz

Мектеп күзетшілері жаппай жұмыстан шығарылды. Бұл Түркістан облысында орын алған деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі білім беру ұйымдары жұмыссыз қалған қызметкерлеріне тиесілі өтемақыны аудармағанын хабарлады. Министрдің бұйрығымен білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілер террористік тұрғыдан осал объектілерге өтуіне байланысты, оларды күзету жеке күзет агенттіктеріне берілгендіктен, 1 473 мектеп күзетшімен еңбек шарттарын біржақты бұзған.

Түркістан облысы прокуратурасының өкілдері  жұмыс беруші еңбек заңнамасының талаптарын бұза отырып, 934 жұмысшыға тиісті өтемақыны төлемеген айтты.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде, барлығы 115 млн теңге өтемақы төлемдері аударылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: