Дүйсенбі, 15 сәуiр, 17:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2039)
13.04.2024
PDF мұрағаты

Бірінші кезекте – қауіпсіздік

07.02.2024

412 0

Бүгін «ҚХП» Қызылора облыстық филиалы мен Қызылорда қаласының төтенше жағдайлар басқармасы бірлесіп, қала орталығындағы осал топқа жататын жатақханалардың өрт қауіпсіздігін пысықтау және өзге де төтенше жағдайлар кезіндегі атқарылуы керек профилактикалық жұмыстарды тұрғындарға түсіндіру мақсатында партиялық бақылау жүргізді.

Аталған іс-шараға Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасының инженері Бақберген Камалов, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Алпамыс Елеусін, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының апатты-диспетчерлік қызметінің басшысы Базарбек Ерімбетов, техникалық инспекция бөлімінің басшысы Нұрлан Құрманбаев, РЦКУ-Қызылорда ЖШС мекемесінің жедел тобының қызметкерлері қатысты.

Бүгінде елімізде төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік – басты назарда. Соның бірі – өрт қауіпсіздігі. Мамандардың айтуынша, өткен жылы қаланың өзінде 192 өрт болып, оның 88-і тұрғын үйде орын алған. Ал, жыл басынан бері 15 жағдай тіркеліп, 8 тұрғын үй тілсіз жаудың зардабын шекті.

Жатақханаларды аралау барысында арнайы мамандар тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеріп, төтенше жағдайлар орын алған уақытта алғашқы ден қою әрекеттері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ қауіпсіздік ережелері жазылған арнайы үн парақшалар таратылды.

Партиялық бақылау нәтижесінде жатақханалардың барлығы табиғи отынға қосылмағаны, кейбір жатақханалар әлі күнге газ баллонын пайдаланатыны анықталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: