Жексенбі, 28 сәуiр, 06:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Бонустар алдағы бірнеше күнде беріледі»: «Яндекс» компаниясы

10.07.2023

473 0

“Яндекс» компаниясының баспасөз қызметі ереуілге шыққан курьерлердің талабына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Бағдарламалардың бірінде техникалық ақаулар пайда болды. Соның салдарынан бонус есептелмей қалған. Қазір қайта есептеу жүргізіліп жатыр. Бонустар алдағы бірнеше күнде беріледі» – делінген хабарламада.

Компаниядағылар соңғы жарты жылда Астанадағы «Яндекс» сервистерімен ынтымақтасатын курьерлердің сағатына орташа табысы төмендемегенін атап өтті.

“Қазір ол мото-тариф үшін 1700 теңгені және автомобильдегі курьерлер үшін 1900 теңгені құрайды. Сервис бұрынғы режимде жұмысын жалғастыруда», – деп мәлім етті компания.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: