Сәрсенбі, 28 ақпан, 10:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2027)
27.02.2024
PDF мұрағаты

Босқа өтіп жатқан уақыттың 7 белгісі

06.05.2022

1291 0

Өмірде әрбір сәт, әрбір минут бағалы. Ал оның бағасын біліп, тиімді пайдалану өз қолыңда. Тіпті бүкіл уақытыңды бір іске арнап, болмаса бүкіл өміріңді босқа өткізуге де болады.

Бүгінде уақытты тиімді пайдаланып жүрміз бе? Әсіресе ХХІ ғасырдың «тұрғыны» үшін уақытты босқа өткізудің сан жолы бар. Тиімді пайдаланудың да сан жолы бар екен. Ал сіз өз уақытыңызды тиімді пайдаланып жүрсіз бе? Әлде уақыттың қалай өтіп кеткенін сезбей де қаласыз ба? Осы орайда босқа өтіп жатқан өмірдің 7 белгісі жайлы айта кеткенді жөн санап отырмыз.

  1. Уақытыңызды түкке тұрғысыз дүниелерге жұмсайсыз. Интернетке кіру, видеойындар ойнау, теледидар қарау, алкогольді ішімдіктер ішу, т.б. Бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Ол үшін көп уақытыңызды неге көп арнайтыныңызды саралаңыз. Керек емесінен тезірек арылуға тырысыңыз.
  1. Өз өміріңізге көп шағымданасыз. Өз өміріңіз, көрген күніңіз, қызметіңіз, бастығыңыз, көршілеріңіз ұнамайды. Достарыңызға олар туралы жиі шағымданасыз. Негізі олай шағымданып босқа уақыт өткізудің қажеті де жоқ. Оларға айналаңыздағы жақсы адамдар, игі істер туралы айтыңыз. Жағымсыз ойлар мен пікірлерден аулақ болыңыз.
  2. Шабыттың не екенін сезіне бермейсіз. Көп адамдар өзіне не қызық екенін білсе де, білек сыбана кіріспейді. Себебі оны бастар жол қиындау болғанмен, бір бастағаннан кейін жалғастыру оңай. Өйткені кез келген адам өзі қалаған істі бастағаннан кейін шабыттана түседі. Істеген ісінің рахатын сезінеді. Ол үшін өзіңді жиі рухтандырып тұруың қажет.
  3. Болашаққа жоспар құрмайсыз. Босқа өтіп жатқан уақыттың бір белгісі – жоспарсыз өмір сүру. Кейбіреулер жоспар құруға болмайды деп айтып жатады. Бұл – негізі еріншектің сөзі. Себебі алдына жоспар, мақсат қойған адам ғана бағыт алған шыңын бағындыра алады. Ал жоспар құру – ешқашан кеш емес. Осыған дейін алдыңа мақсат, жоспар құрмай уақыт өткізіп келсең, қазірден бастап жоспар құра беруіңе болады.
  4. Аса қажет емес дүниелерге көп ақша жұмсайсыз. Соңғы үлгіде жаңарған гаджеттерді алуға ұмтыласыз. Ол үшін несие немесе қарызға ақша алып сатып алатындар да бар. Шын мәнінде,  өмірде аса маңызды сол смартфон немесе планшеттер емес екенін білетін де боларсыз. Сондықтан да босқа ақша шашпауға тырысыңыз. Ақша табу үшін де уақыттың қажет екенін естен шығармаңыз.
  5. Сіз үшін демалыста ұйқы маңызды. Демалыс күндерінде тынығуды ұйқымен байланыстырсаңыз қатты қателесесіз. Сондай-ақ көп уақытыңызды ұйқымен өткізбеңіз. Ұйқы ережесін ұстансаңыз күні бойы сергек жүруге болады.
  6. Саламатты өмір салтын сақтанбайсыз. Қым-қуыт тіршілікпен жүріп денсаулыққа, спортпен шұғылдануға мән бере бермейсіз. Мұның өзі босқа өтіп жатқан уақыттың бір белгісі. Себебі өмірде басты байлық – денсаулық. Ал денсаулықтың мықты болуы – жиі спортпен шұғылдану, жаттығу жасаумен де тығыз байланысты. Сондықтан да денсаулығыңызға жіті мән беріп, саламатты өмір салтын ұстаныңыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: