Бейсенбі, 09 мамыр, 06:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

«Бұл әнге у-шу көп болатынын білдім»: әнші Kalifarniya

15.08.2023

366 0

Әнші Kalifarniya лақап атымен танылған Фархат Қали әлемдік хитке айналаған «Puerto-Rico» әнінің шығу тарихын айтты. Бұл туралы ол Dope soz бағдарламасына берген сұхбатта әңгімеледі, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші «Puerto-Rico» әні шыққанша ұзақ уақыт үзіліс алып қалғанын жеткізді. 

«Менің соңғы әнім, соңғы трэк «Жетім» деген болды. Одан кейін мен 6 ай үзіліс алып қалыппын. Менде бұрын-соңды мұндай ауқымды уақытта үзіліс болмаған. Егер осы ай клип шығарсам, келесі ай трэк шығару керек болды. Сол соңғы ән шықты қаңтар айында, бірақ ол қатты хит бола қойған жоқ. Содан не керек үзіліс уақытында шетелге шығу мүмкіндігі туды. Америкаға барып келдік. Қайтып елге келгенде ойда болды. Тағы бір трек ұсынатын уақыт болды-ау деп. Содан ойда дым жоқ бір үзіндісін салып көрейік ТикТок пен инстаграмға деп. Ұйқыдан тұрсақ кетіп жатыр екен. Америкаға неге қазақ әнін кіргізбеске деген арманмен шыққан ән. Негізі, таза қиялдан туындады. Елге келе жатқанда ұшақта жазып бастадым», – дейді әнші.

Әнші әннің сөзін жазған соң ешкім түсінбей, таралмай қалады-ау деген ойда болғанын айтты.

«Басында қатты уайым болды. Бұны ешкім түсінбейтін шығар деген. Себебі мені көбіне үлкен кісілер тыңдап қалған. Ата-апалар тыңдайтын болған соң мен түсіндім, бұл әнді берген кезде у-шу болады деген. Бірақ қорықпай беріп көрдік», – дейді әнші Kalifarniya.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: