Бейсенбі, 28 мамыр, 19:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

Дарынды жастарға құрмет көрсетілген кеш

28.05.2026

44 0

Фото: «AMANAT» партиясы

Бүгін “AMANAT” партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай “ZEYIN” білім беру орталығында өткен «ZEYIN GRADUATION 2026» салтанатты кешіне қатысты.

Ерекше форматта ұйымдастырылған кеш оқушылардың жетістіктерін ұлықтап, ұстаздар мен ата-аналардың еңбегін бағалауға арналды.

Шара барысында орталықтың құрылу тарихы, жетістіктері және оқушылардың жеңістері қамтылған арнайы бейнеролик көрсетілді.

Іс-шараның құрметті қонағы болған Жандос Базартай халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарын марапаттады. Сонымен қатар өз сөзінде жас буынның сапалы білім алуы – ел болашағының кепілі екенін атап өтіп, оқушыларға сәттілік пен биік белестер тіледі.

Кеш барысында ZEYIN ұстаздарына, оқушылардың жетістігіне үлес қосқан мұғалімдер мен ата-аналарға алғыс айтылып, арнайы құттықтау сөздер арналды. Сондай-ақ 4, 5 және 6-сынып оқушылары түрлі номинациялар бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Бұл кеш — тек марапаттау рәсімі ғана емес, білімге ұмтылған жастардың еңбегін бағалап, олардың болашаққа деген сенімін арттырған ерекше шара болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: