Сейсенбі, 26 мамыр, 17:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

Елімізде инвестициялық кедергілерді жоюға арналған жаңа жоба басталды

26.05.2026

49 0

Фото: Фонд ITSW

Елімізде инвесторлардың құқығын қорғау үшін INVEST CARAVAN жобасы қолға алынды, деп хабарлайды Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі, – деп хабарлайды KAZINFORM

Өңірлердегі инвестпрокурорлар инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатқан нысандарға тікелей барып, бизнес мәселелерін жедел шешуге және әкімшілік кедергілерді жоюға көмектеседі. Жобаның мақсаты — инвесторлар, мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік сектор арасында бюрократиялық кідірістер мен ұзақ хат алмасусыз тікелей диалог орнату. 

— Акция аясында прокуратура өкілдері еліміздің барлық өңіріндегі арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға, өндірістік алаңдарға және ірі инвестициялық нысандарға барады. Негізгі назар бизнес үшін өзекті мәселелерге: инженерлік инфрақұрылымға қосылу, рұқсат құжаттарын алу, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуы, әкімшілік қысым фактілері және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылға аударылады, — делінген комитет таратқан ақпаратта.

Іс жүзінде инвесторлар мәселесін жобалар жүзеге асырылып жатқан жерде тікелей көтере алады, ал уәкілетті органдар оларды жұмыс тәртібінде жедел қарастырып, шешім шығарады.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, INVEST CARAVAN бизнес пен мемлекет арасындағы тікелей байланысты күшейтіп, инвестициялық жобалардың жүзеге асуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жедел жоюға мүмкіндік береді.

Құқығы бұзылып, әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларға 115 Call-орталығына жүгіну ұсынылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: