Сейсенбі, 07 мамыр, 18:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Елімізде өгей ата-анамен тұратын балалар ерекше назарға алынады

05.02.2024

532 0

Фото: Н.Нұржаубай

Қазақстанда балаларды зорлық-зомбылықтан, буллинг және кибербуллингтен қорғау және көмек көрсетудің арнайы әдістемесі бекітілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов мәлім етті. 

«Балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтау мақсатында полицейлер жұмысының алгоритмі әзірленді. Оған сәйкес өгей ата-анамен тұратын балаларға ерекше назар аударылады. Өткен жылы желтоқсанда мемлекеттік органдармен бірлесіп зорлық-зомбылыққа, буллинг және кибербуллингке ұшыраған балалар мен жасөспірімдерді анықтау және оларға көмек көрсету жөніндегі арнайы әдістеме бекітілді», – деді Әсет Оспанов ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

ІІМ өкілінің мәлімдеуінше, барлық өңір бойынша әкімдік жанынан балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау үшін ведомствоаралық мобильді топтар құрылды.

«Оның құрамына бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторлары кіреді. Жедел ақпарат алмасу ватсап-чаттардың көмегімен жүргізіледі», – дейді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: