Жұма, 19 сәуiр, 17:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Елімізде тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

28.02.2021

6778 0

Қазақстанда спорт жаттықтырушысы күнін ресми түрде мерекелік күндердің тізбесіне енгізу ұсынылды. Бастаманы республикалық қоғамдық бірлестігінің «Қазақстандық спортшылар одағы» көтерді деп хабарлайды Азаттық рухы.

«Елімізде көптеген кәсіби мереке бар: мұғалімдер күні, энергетика күні, қаржыгер күні және тағы басқа. Алайда бұл мерекелер тізімінде спорт жаттықтырушысы күні жоқ. Сондықтан біз спорт жаттықтырушысы күнін еліміздің кәсіби мерекелер күнтізбесіне ресми түрде қосуды ұсынамыз», – деді одақ төрағасы Азамат Қарлығашев.

Ол жаттықтырушы күнін 7 сәуірде атап өтуді ұсынды.

«2021 жылдың 7 сәуірде еліміздің атақты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығын тойлағалы отырмыз. Сондықтан біз спорт жаттықтырушысы күнін дәл осы күні атап өту керек деп санаймыз», – деді одақ төрағасы.

Бұл бастаманы қазақстандық спорт ардагерлері қолдады.

«Бізде еңбек сіңірген жаттықтырушылар көп. Олардың көпшілігі әлем чемпиондарды тәрбиелеп, Қазақстанның атын шығарды. Алайда, олардың кәсіби мерекесі жоқ», – деді бокстан КСРО-ның 5 дүркін чемпионы, қазақстандық спортшылар одағының құрметті мүшесі Болат Теміров.

Бұл пікірді Қазақстанның еңбек сіңірген спорт қайраткері Садық Мұстафаев та қолдады.

«Қазақстанда жаттықтырушыларға басымдық берілмейді. Олар оқушыларының көлеңкесінде қалып жүр. Әрине, жаттықтырушыларға мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінуі керек», – деді Садық Мұстафаев.

Қазіргі таңда «Қазақстандық спортшылар одағы» ҚР Президент әкімшілігі мен Мәдениет және спорт министрлігіне ұсыныс хат жолдады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: